» » БАЙРАҚТЫ БӘСЕКЕДЕ БАҒЫМЫЗ ЖАНСЫН

БАЙРАҚТЫ БӘСЕКЕДЕ БАҒЫМЫЗ ЖАНСЫН

Бейжің Олимпиадасы жарыстарының басталғанына да бірнеше күн болды. Төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын дүбірлі додада әлемнің ең үздік спортшылары 20 ақпанға дейін бақ сынайды. Саңлақтар сынға түсетін байрақты бәсеке Қытайдың Бейжің, Янцин және Чжанцзякоу қалаларында өтеді.

Олимпиаданың биылғы бағдарламасына шорт-тректен аралас эстафета, шаңғы акробатикасынан, шаңғымен тұғырдан секіруден және сноуборд-кросс­тан аралас командалық турнир, фристайлдан ерлер мен әйелдер арасындағы биг-эйр, сондай-ақ монобобтан әйелдер арасындағы бәсеке сынды жеті жаңа жарыс түрі қосылып отыр. Сондай-ақ қосымша жарыс түрлері арқылы қысқы ойындар тарихында алғаш рет гендерлік тепе-теңдік сақталмақ. Осыдан 4 жыл бұрынғы Олимпиадамен салыстырғанда спорт­шылар ішінде әйелдер саны 45 пайыздан асады.

Тарихқа көз жүгіртсек, Қазақстан құрамасы қатысқан Қысқы Олимпиада ойындарының ішінде ең табыстысы 1994 жылғы Олимпиада екен. Сол жылы Қазақстан құрамасы 3 медальмен командалық есепте 12 орынға тұрақтаған болатын. Ал мұнан кейінгі Қысқы Олимпиаданың алтыны отандық спортшылар үшін арманға айналды десе де болады.

Бейжіңдегі Олимпиадада бүгін де отандық спортшылар бақ сынайды. Трамплиннен секіру бойын­ша ерлер арасындағы іріктеуде Сергей Ткаченко мен Данил Васильев сынға түссе, Шаңғы жарысынан Скиатлон бойынша 15 шақырымда қыздарымыз да бақ сынайды. Конькимен жүгіру сайысынан да нағыз мықтылар дәл осы күні анықталады. Жалпы бұл Олимпиаданың кейбір спорт түрлері бойынша негізгі жүлделері бүгін сарапқа салынады.

Ертең шаңғы жарысынан Скиатлон бойынша 30 шақырымда ерлер арасында жүлделер өз иесін табады. Сайыстың бұл түрінен Виталий Пухкало мен Евгений Величко ел намысын қорғайды. Ал әйелдер арасында екінші іріктеу, яғни ақтық мәреде Юлия Галышева, Анастасия Городко, Аяулым Әміренова, Олеся Граурлар сынға түскелі отыр.

Трамплиннен секіруде ертең ерлер арасында бірінші кезеңде Сергей Ткаченко мен Данил Васильев бақ сынайды. Жалпы ақпан айының жиырмасына дейін, яғни Олимпиаданың қорытынды кезеңіне дейін қазақстандық спортшылар ел намысын қорғайды. Оларға біз сәттілік тілейміз және жеңіс күтеміз.

Айта кетейік, Күншығыс еліндегі жазғы Олим­пиада ойындарында Қазақстан спортшылары ко­ман­далық киім үлгісі бойынша әлем назарын аударған еді. Бұл жолы да Бейжіңде отандық спортшылардың киім үлгісіне көпшілік сүйсінді. Енді Токиодағы байрақты бәсекенің нәтижесін қайталамау қажет.

Жандос Жазкен
05 ақпан 2022 ж. 242 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930