» » Өңірлік геоақпараттық жүйенің жұмысы қалай іске асырылып жатыр?

Өңірлік геоақпараттық жүйенің жұмысы қалай іске асырылып жатыр?


Цифрландыру саласының ірі және маңызды жобасының бірі – «Өңірлік геоақпараттық жүйе». Бұл жүйе өткен жылы тәжірибеге енгізілді. Жоба мақсаты – жер қатынастары, құрылыс және қала құрылысы қызметтерін автоматтандыруға бағытталған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Юлия Тремасова кеңірек тоқталды.

Жаңадан құрылған геопортал базасында «i-Orda» («i-Qala») порталының модулі бар. Онда техникалық шарттар беру, шарттар жасасу, қосу, пломбалау, есепке алу аспаптарын орнату және ауыстыруға өтінімдерді орындау секілді 74 қызмет түрі автоматтандырылады.

Өңірлік геоақпараттық жүйеде облысқа қарасты 9 медициналық ұйымның «Медициналық куәландырудың электрондық жүйесі» енгізілді. Сондай-ақ 7 стационарлық «Аркан» жылдамдық өлшегіші орнатылды. Басқарма басшысы Юлия Тремасованың айтуынша, оларды пайдалануға берген сәттен бастап 30171 бұзушылық тіркеліп, 317 млн. теңге айыппұл салынды.

Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың бұлтты құжат айналымына көшуі бойынша да жұмыстар атқарылды. Бүгінде бұл айналымға 308 жергілікті атқарушы орган, 3554 пайдаланушы қосылған.
12 ақпан 2022 ж. 101 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 992

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031