» » Такси қызметі бір жүйеге келуі керек

Такси қызметі бір жүйеге келуі керек

Жалағашта такси қызметіне қатысты жолаушылар, жалпы жергілікті тұрғындар тарапынан жиі шағым айтылады. Бірі қызметтің бұл түрін ұсынатын азаматтар жолда тым қатты жылдамдықпен жүреді, бұл жолаушының өміріне қауіп төндіреді десе, енді бірі жолақысы әр уақытта қымбаттап жатқанына қапалы. Тіпті аудан орталығынан Қызылордаға баратын таксилер ешқандай медициналық тексерістен өтпей шыға береді. Мәселенің алдын алуда нендей шараларды қолға алса өз жемісін береді? Аудандағы өнерді дамыту орталығында бас қосқан жергілікті билік өкілдері мен такси жүргізушілері осы сауалға жауап іздеді.

Аудан әкімінің орынбасары Алтынбек Дәрібаев такси жүргізушілеріне қызметтің бұл түрі заң аясында жүзеге асуы тиіс екенін жеткізіп, жолаушылардың, жалпы тұрғындардың да талап-тілегі ескерілуі керектігін атап өтті. Естеріңізде болса, бұрын Жалағаш пен аудан орталығын жалғайтын күрежолдың бойында такси қызметін ұсынушылар алдымен медициналық тексерістен өтіп барып жолға шығатын. Кейін қызметтің бұл түрі жұмысын тоқтатты. Нәтижесін көріп отырмыз, қазір сол күрежолдың бойында таксимен жолға шыққан жолаушылардың кейбірі жол апатының салдарынан зардап шегіп келеді. Ал арты қайғылы жағдайға ұласып жатқан сол оқыс оқиғалардың алдын алуда медициналық тексерістің маңызды рөл атқаратыны сіз бен бізге айтпаса да белгілі. Бұрын қолға алынған бұл жұмыстың қайта жанданғанын такси жүргізушілері де қос қолдап қолдап отыр.
Басқосуда мұндай жауаптылықты қолға алатын азамат та табылды. Ол бұған дейін де такси қызметіне қатысты мәселелерді реттеуде жұмыс жасаған. Қазір жеке кәсіпкер болып тіркелген азаматтар да, тіркелмеген азаматтар да қызметтің бұл түрі арқылы табыс тауып жүргені белгілі. Әлгі жүйе бұл мәселені де ретке келтіруде өз жемісін берері анық. Мұндай заңсыздықтардың барын такси жүргізушілері де жоққа шығарып отырған жоқ. Мәселен, қазіргі таңда Жалағаш пен Қызылорда қаласы арасында жолаушы тасымалдайтындардың 50 пайызы кәсіпкер болып тіркелмеген. Мұны сол басқосуға келген такси жүргізушілердің өздері айтып отыр. Оның үстіне рөлі оң жақта орналасқан көлікпен қызметтің бұл түрін ұсынуға заң рұқсат бермегенімен Жалағашта жолаушы тасымалдауда мұндай көліктер көптеп кездеседі. Ал Алтынбек Дәрібаев айтқан һәм оны такси жүргізушілері қос қолдап қолдаған ұсыныс алдағы уақытта жүзеге асса мұндай олқылыққа жол берілмейді. Қос тараптың да ойы осы көзқараста тоғысты.

15 ақпан 2022 ж. 490 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930