» » Утилизациялық алымның жаңа мөлшері қашан қабылданады

Утилизациялық алымның жаңа мөлшері қашан қабылданады

Экология және индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері утилизациялық алымның жаңа тарифтері қашан бекітілетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Экология министрлігі қалдықтарды басқару бойынша мемлекеттік саясат департаментінің директоры Мансұр Ошурбайдың айтуынша, алдымен утилизациялық төлемді есептеу әдістемесіне өзгеріс енгізу керек. Одан кейін мемлекеттік органдардың қарауына жіберіледі. Ең соңында тиісті құжат бекітіледі.

«Кешеден бері тиісті жұмыс басталды. Мен нақты датасын айта алмаймын. Алайда бұл өзекті мәселе екенін бәріміз білеміз. Оны барынша тездетіп шешу керек. Мемлекеттік органдар мен бірқатар сараптамалар бойынша, соның ішінде жемқорлыққа қарсы және ғылыми сараптаманың қорытындысын алып, барлық органдардың келісімін аламыз деп ойлаймын. Одан кейін әділет министрлігіне тіркеу үшін жібереміз. Сондықтан жақын арада барлық төлем бекітіледі деген үміт бар», – деді Ошурбай орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Ал индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев 1 мамырға дейін нақты дедлайның бар екенін жеткізді.

«Соған дейін барлық жұмысты бітіруіміз керек. Алайда одан да тез жасаймыз деп ойлаймын. Бәлкім, сәуірдің ортасы немесе басы болады», – деп атап көрсетті Қарабаев.

Еске сала кетсек, автокөліктің барлық түрі және ауыл шаруашылығы техникасы бойынша утилизациялық алым мөлшері 50 процентке төмендетіліп отыр.
24 ақпан 2022 ж. 250 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930