Құттықтау

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады |  Qazaquni.kz | Қазақстан жаңалықтары | Қазақ үні сайты

Құрметті аудан тұрғындары, қадірлі жерлестер!

Алғыс айту күні мерекесі баршаңызға құтты болсын! Отбастарыңызда аманшылық, елімізде тыныштық болсын!

Қазақ – үлкеннің батасымен, халықтың ал­ғы­­сымен көгеріп-көктеп, өсіп-өнген халық. Ата-баба­ларымыз қиын-қыстау күндерде бірі-бірін ыстық ықы­ласымен, достық көңілімен демеп, жақсылыққа жақ­сы­лықпен жауап беріп, алғысын айтудан жалықпаған. Сондықтан 1 наурыз алғыс айту күні – біздің еліміз үшін үлкен де ұлық мереке. Себебі алғыс айту, адамдардың бірі-біріне деген ыстық ықыласы біздің бойымыздағы ізгілікті, мейрімділікті оятады.

Мен ең алдымен бүгінгі таңда елімізде болып жатқан барлық игі істердің, өзгерістер мен жаңалықтардың ұйытқысы, ұйымдастырушысы, демеушісі, сайып кел­генде қоғамның қозғаушы күші болып отырған халыққа алғысымды білдіремін. «Халық – Құдайдың бір аты» деген салиқалы сөз бар. Халықтан жоғары ешкім жоқ. Сондықтан жасампаз халқымызға алғысым шексіз!

Құрметті жерлестер, біздің тарихымыз – қатпарлы, қалтарыс-бұлтарысы көп тарих. Аласапыран жылдары тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған қаншама этнос өкілдері жер ауып, Сырдың бір бүйіріндегі біздің киелі Жалағаш өңіріне де келді. Қазақ халқы оларды бөтенсінген жоқ, өз бауырындай құшақ жая қарсы алды. Қолындағысымен бөлісті, бір үзім нанды бөліп жеді. Сонау дүрбелең жылдардағы қазақ халқының сондай жақсылығын аудандағы алдыңғы толқын өзге ұлт өкілдері әлі ұмытқан жоқ.

Міне, бүгін – сол бауырларымызға құтты қоныс бола білген қасиетті жерге, қонақжайлылық танытқан текті елге тағзым ететін күн. Бүгін – қиын заманда бірлесе иық тіресіп, тәуелсіз мемлекет болу жолында тер төккен барлық адамның бір-біріне алғыс білдіретін мереке.
Құрметті аудан тұрғындары!

Алғыс айту күнінің әрбіріміз үшін маңызы ерекше. Әрқашан бір-бірімізге жүрегіміздің жылуын сыйлап, қиналғанда жанынан табылып, қуанышын бірге бөлісе білейік! Бір-бірімізге деген шынайы алғысымызды айта жүрейік.
Алғыс айту күні тағы да құтты болсын!

Ізгі ниетпен,
аудан әкімі А.Шаменов


01 наурыз 2022 ж. 158 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930