» » Қызылорда облысында заңсыз балық аулағандар ұсталды

Қызылорда облысында заңсыз балық аулағандар ұсталды

Қызылорда облысында заңсыз балық аулағандар ұсталды.

Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының мамандары мен Қармақшы аудандық полиция бөлімі қызметкерлерімен жүргізілген рейдтік іс-шара барысында Тұрмағанбет ауылының тұсында Нива автокөлігі тоқтатылып, тексерілген.

Тексеру барысында көлік иелерінен 23,6 келі жылан балық, 5 келі ақамур, 39 келі сазан, 4 келі көксерке, 4 келі жайын балығы және резеңкелі қайық пен өзге де заттар алынды.

Аталған дерек тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
10 наурыз 2022 ж. 133 0