СЫР САЛЫСЫНЫҢ ТҮСІМІ МОЛ
Өткен жылы Сыр күрішшілері рекорд жаңартып, 500 мың тоннадан астам күріш жинады. Бұл сорттардың өнімділігін арттыру есебінен қол жеткізген нәтиже. Бұрын егістіктердің 40 пайызына дейін жай тауарлық күріш егілген болса, қазір егістіктерде тек жоғары репродукциялық тұқым қолданылады. Соңғы 5 жылда күріш өнімділігі гектарына 7,6 центнерге, яғни, 2012 жылғы 47,7ц/га-дан 2017 жылы 55,3 ц/га-ға өсті. Нәтижесінде, жалпы күріш жинау осы жылдар аралығында 2 есеге артты.
Пікір 2