» » Қызылордада олимпиаданың облыстық кезеңі басталды

Қызылордада олимпиаданың облыстық кезеңі басталды

Қызылордада жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық, қалалық іріктеу кезеңдерінің қорытындысы бойынша облыстық кезеңге 391 оқушы қатысады.

Олимпиаданың облыстық кезеңі Қызылорда қаласындағы Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицей базасында 24-30 наурыз аралығында өтеді.

Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі «1 оқушы, 1 компьютер, 1 камера» қағидасы бойынша «Оқулық» платформасы арқылы жүргізіледі. Бұл зияткерлік жарысты өткізудің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Облыстық кезеңде оқушылар жаратылыстану-математика, қоғамдық-гуманитарлық бағыттардағы 14 пән бойынша бақтарын сынайды.

Электронды форматты енгізу олимпиадаға қатысушылар тарапынан түрлі бұзушылықтарға жол бермейді.

Айта кетейік, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңін syr-daryny.kz ресми сайтынан тікелей эфирден көруге болады.
24 наурыз 2022 ж. 195 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 123

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930