» » Қызылордада түрме маңында есірткі заты бар тұрғын ұсталды

Қызылордада түрме маңында есірткі заты бар тұрғын ұсталды

28 наурыз күні түнгі сағат 02:40 шамасында ЗК-169/5 мекемесінің артынан күдікті азамат байқалды.

28 жастағы тұрғынды тоқтатып, тексеру барысында одан 2 дана скочқа оралған белгісіз зат анықталды. Күдікті бұл затты өзі ұсынған.

Сараптама қорытындысы бойынша оның кептірілген марихуана есірткі заты екені анықталды.

Аталған дерек бойынша, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 296-бабының 2-бөлігімен (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
04 сәуір 2022 ж. 115 0