» » Қызылордада бойы 2 метр сарбаздар әскери борышын өтеп жүр

Қызылордада бойы 2 метр сарбаздар әскери борышын өтеп жүр

Бойы 2 метр сарбаздар Қызылорда, Талдықорған және Алматыда әскери борышын өтеп жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлттық ұланның баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлім сарбаздарының бойы екі метр болса, аяқкиім өлшемі 45-47 см.

Бойдың ұзындығы кедергі келтірмейді. Қайта спорттық нормативтер мен әскери міндеттерді орындауға, нысана көздеуге көмектеседі екен.

Солардың бірі – Талдықорған қаласының түлегі, қатардағы жауынгер Константин Тарасенко.

Сарбаз бүгінде Қызылорда қаласындағы 5547-әскери бөлімінде парызын өтеуде.

Константиннің бойы – 2 метр, салмағы – 79 кг, аяқкиім өлшемі – 46.

Өзінің айтуынша, 9-сыныптан кейін Жетісу әлеуметтік-гуманитарлық колледжін бағдарламашы мамандығы бойынша бітіріп, Талдықорғанда графикалық дизайнер қызметін атқарған. Бір қызығы, анасының да бойы сондай ұзын екен.

Медкомиссиядан өткен кезде бойының ұзындығымен таңғалдырған Константин қазір әскери өмірге әбден төселген. Киімнен де еш мұқтаждық жоқ. Оған шақ келетін киім қоймада жеткілікті. Тоғыз ай бойы Ұлттық ұлан сапында жүрген К.Тарасенко әскери борышын өтеу әр ер азаматтың парызы деп санайды.
Ефрейтор Дияс Қасымов 2002 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген.
Дияс футбол, волейбол, жүзу және мұзда сырғанаумен айналысады. 2021 жылы «Тарлан» АМУ Ақтөбе көпсалалы колледжін футбол бапкері мамандығы бойынша тәмамдаған.
Өткен жылдың маусымында әскерге шақырылып, Талдықорғандағы 5514-әскери бөліміне келген Дияс өз қатарластарынан 2 метр бойымен және 45 өлшемді аяқкиімімен ерекшеленеді.
-Бойымның ұзындығы түк те қиындық келтірмейді. Әскери киім маған арналып тігілген, кереует те қолайлы. Тамақтануға келсек, біз сияқты ерекшелігі бар сарбаздарға тамақ екі есе артық көлемде беріледі, – дейді ефрейтор Д.Қасымов.
Қатардағы жауынгер Серікбай Қуаныш өткен жылдың күзінде Ақтөбеден әскерге шақырылған.
Алматы қаласындағы 5571-әскери бөліміне түскен алып сарбаз – отбасындағы үш баланың үлкені, бойы – 205 см, аяқкиімі – 47.
Серікбай Қуанышұлының мұндай ірі сүйекті болып тууы тегін емес. Оның өзінің және нағашы аталарының бойы 2 метрден асқан екен.
Серікбайдың сөзіне қарағанда, 9-сыныптан кейін орта арнаулы білім алып, сәулетші мамандығын меңгерген. Бала жасынан самбомен жаттыққандықтан, шымыр болып өскендіктен, әскери өмірге тез көндіккен.
Серікбай – осы әскери бөлімдегі екі алып жауынгердің бірі.
Қатардағы жауынгер Алексей Ковалев 5517-әскери бөліміне Павлодардан келген.
Оның бойы Серікбайдан сәл қалыңқы, 1 метр 97 сантиметр. Әскерге дейін машинист көмекшісі мамандығын алып үлгерген Алексей өзінен де ұзын Серікбайды көргенде, таңғалғанын айтады.
-Бойыма әбден үйрендім. Көшедегілер бұрылып қарап, таңданыс білдірсе, мен де оларға күле жауап беремін, – дейді А.Ковалев.
Міне, Ұлттық ұлан сапында осындай бойы ұзын сарбаздар да елмен бірге азаматтық парыздарын өтеп жүр.
04 сәуір 2022 ж. 103 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 773

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930