» » МОБИЛЬДІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ЖҰМЫСЫ ЖАҢАДАРИЯ АУЫЛЫНДА

МОБИЛЬДІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ЖҰМЫСЫ ЖАҢАДАРИЯ АУЫЛЫНДА

Мемлекет басшысы, «AMANAT» партиясының төрағасы, Қасым-Жомарт Тоқаев партияны модернизациялауды тапсырғаны белгілі. Соған сәйкес партияны қайта жаңғырту бағдарламасы аясында шалғайдағы елді мекендерде ауыл тұрғындарын аудан орталықтарына сабылтпай, керісінше басшыларды ауылдарға жіберіп, елдің мұң-мұқтажын тыңдату мақсатын көздейтін мобильді қоғамдық қабылдау жұмысы басталған болатын. Ауданымызда Есет батыр ауылынан басталған мобильді қоғамдық қабылдау тобының жұмысы бүгін Жаңадария ауылында жалғасуда.

Шалғай елді мекендегі тұрғындарды қабылдап, әлеуметтік, қоғамдық және өзгеде ортақ түйіткілді мәселелердің шешілуіне ықпал етуді, бағыт-бағдарды беуді көздеген топ өкілдері әрбір тұрғынның өтінішіне құлақ асты.

Аталған қоғамдық қабылдау жұмысына «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі А.Шаменов, аудандық партия филилының атқарушы хатшысы Қ.Мұстафаева, облыстық және аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері, аудандық, облыстық саяси кеңестің мүшелері және облыстық басқарма мамандары қатысты.

Жаңадария ауылы бау-бақша өнімдері және мал шаруашылығымен айналысатын мекен. Шаруалардың жұмысы алға басуы үшін аяқ судан мәселе туындамауы қажет. Осы үшін ауылымыздың маңындағы Іңкәрдария каналын қазу және тазалау жұмыстары жүргізілуі қажет деді – ауылы тұрғыны М.Бостанов. Өтініш иесінің сауалына аудандық партия филиалының төрағасы, аудан әкімі А.Шаменов Іңкәрдария каналына қатысты жұмыстар жергілікті атқарушы органдармен жүзеге асып жатқандығын айтып, мәселенің оңтайлы шешілуіне нақты жұмыстар жүргізілетін жеткізді.

Жаңадария ауылында өзекті мәселелер жоқ емес. Тұрғындарды мәдениет саласының түйткілдері, жол салу, жастарды қолдау, балалар ойын алаңы, мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселелері мазалайды. Ауылдық округтегі әрбір тұрғынның өтінішін тыңдаған мобильді топ өкілдері біршамасына қабылдау кезінде нақты жауаптарын берсе, қалған түйіткілді мәселелердің тізбесін жасап, партия өз бақылауына алды. Алдағы уақытта жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, өтініштердің оңтайлы шешілуі бойынша нақты жұмыстар жүргізілетін болады.
06 сәуір 2022 ж. 171 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 773

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930