» » Дәрігерлер көлік қағып кеткен оқушының жағдайын хабарлады

Дәрігерлер көлік қағып кеткен оқушының жағдайын хабарлады


Бұған дейін Қызылорда қаласында жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан 10 жасар қызды көлік қағып кеткенін хабарлаған болатынбыз. Облыстық көпбейінді балалар ауруханасының дәрігерлері ауруханаға түскен жасөспірімнің жағдайын хабарлады.

«Жол апатынан кейін ол бірден облыстық көпбейінді ауруханасына жеткізілді. Жағдайды бағалағаннан кейін дәрігерлер оны реанимация бөліміне жатқызды. Дәрігерлер зардап шеккен жасөспірімге барлық қажетті медициналық көмек көрсетті. Жасөспірім түрлі жарақат алған. Балалар ауруханасы дәрігерлерінің шеберлігі мен кәсіпқойлығының арқасында бүгінде ол өзіне келіп, бөлімге ауыстырылды. Оның жанында анасы бар. Жағдайы жақсы. Қыздың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ», – делінген аурухана таратқан хабарламада.
08 сәуір 2022 ж. 144 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 773

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930