» » Атқарылған жұмыстар пысықталды

Атқарылған жұмыстар пысықталды


Биыл Жалағашта 36 368 гектарға егiс орналастыру жоспарда бар. Оның ішінде Сырдың басты дақылы 19 200 гектарға себіледі. Өткен жылмен салыстырсақ, күріш көлемі 600 гектарға қысқарған. Ал мамандар биыл су тапшылығы қайталанады десе, жауын-шашынның мол түсуі шаруашылықтар үшін қолайлы болуы әбден мүмкін. Аудан әкімі Асылбек Шаменовтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Марат Қалниязов осылай деді.

Мәжіліс басталмас бұрын Асыл­бек Өмірбекұлы ауданның құр­метті азаматтары, мемле­кеттік қызмет саласының қалып­та­суына елеулі үлес қосқан ау­дандық сай­лау комиссиясының төрағасы Са­дық Әлиевты және комиссия хатшысы Әсия Мә­дие­ваны құр­мет демалысына шы­ға­рып салды.

– Бұл кісілердің еселі еңбегі, ат­қарған жұмысы кейінгі буын өкілдеріне, жас ұрпаққа үлгі-өне­ге. Зейнеткерлікке шықса да, ау­данның қоғамдық өміріне бел­сене араласып келеді, – деді аудан басшысы.

Айта кетейік, Жалағаш ау­дандық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 31 наурыздағы 16 хаттамасымен Жалағаш ау­дан­дық сайлау комиссиясы тө­ра­ғасы қызметіне Бауыржан Бек­жанов тағайындалды.

Мәжілістің күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Бірінші мәселе бойынша аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Қанат Бөлембаев Жалағаш ауданында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамы­тудың 2017-2021 жылдарға ар­налған «Еңбек» мемлекеттік бағ­­­дарламасының орындалуы ту­­ралы баяндады.

Аппарат мәжілісінде көктемгі дала жұмыстарына дайындық ба­рысы туралы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас­шысы Марат Қалниязов ха­барлама жасады. Ол су тап­шы­лығының алдын алу үшін ша­руашылықтар ротацияны сақ­тай отырып, суды аз қажет ететін дақылдарға ба­сымдық беріп жатқанын жеткізді.

Марат Мәнерұлы биыл егін ор­­­наластыру жұмыстарына 6 млрд­ 580 млн теңге қажет дейді. Ал жергілікті шаруашылықтардың қа­зіргі таңда қолда бар қаржысы 4 млрд 930,7 млн теңгені құрайды екен.

Бөлім басшысы су тапшы­лығына байланысты ауылдық ок­­ругтегі шаруашылық бас­шы­ла­рымен кездесулер ұйымдас­ты­рылғанын айтады. Кездесу ба­­рысында инженерлік тұрғыда әзір­ленген суармалы жерде да­қыл­дарды кезектестіру схемасын қатаң сақтау қажет екені ес­кер­тілген. Сондай-ақ егінді әрта­рап­тандыру бағытында жұмыстар ұйымдастыру да тапсырылған.

Былтыр Бұқарбай батыр ауы­лындағы «Жансая» шаруа қо­жа­лығы жүгері дақылын егіп, 52 гектардан 7 200 центнер өнім алса, биыл аталған шаруа қо­жалық жүгері көлемін 300 гектарға ұлғайтқан. Ал «Көктөбе» ШҚ 55 гектарға, «Ақшұқыр» ШҚ 50 гектарға, «МашШам» ШҚ 40 гек­тарға жүгері дақылын егуді жос­парлап отыр. Сонымен қатар Мә­дениет ауылдық округінде «Тай­жан» шаруа қожалығы биыл 26 гектарға құмай дақылын орна­лас­тырған, бұл дақылдың өнімі жо­ғары болған жағдайда, егіс кө­лемін арттыру жоспарда бар екен.

Бөлім басшысы осыған де­йін 2 216 гектар мақсарының 425 гектары егілгенін айтады. Сон­­дай-ақ 420 гектар жаздық бидай егу жоспарланып, меже артығымен орындалыпты. Қазіргі таңда жергілікті шаруашылықтар барлығы 509 гектар жаздық би­дай орналастырып үлгерген. Ал 4 446 га жаңа жоңышқаның 4 142 гектары орналастырылып, 7 186 гек­­тар ескі жоңышқа күтімге алынған.

Күн тәртібіндегі үшінші мә­­селе бойынша аудандық тұр­ғын үй-коммуналдық шаруа­шы­лық, жолаушылар көлігі және авто­мобиль жолдары бөлімінің басшысы Өмірзақ Елеусінов ау­дан­дағы жолаушылар тасымалы қызметін жандандыру мәселелері туралы баяндады. Асылбек Өмір­бекұлы күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша бірқатар тап­­сырмалар беріп, хаттамалық тап­сырмалардың орындалуын ба­қы­лау және үйлестіруді тиісті са­ла орынбасарларына, аудан әкімі аппаратының басшысына жүк­теді.

Ерлан ӘНУАРҰЛЫ
09 сәуір 2022 ж. 362 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930