Жоғалған сарбаздың мәйіті Қырғызстаннан табылды
Жамбыл облысында Отан алдындағы борышын өтеп жүрген сарбаз 2 наурызда із-түзсіз жоғалған.
Андас батыр шекара бөлімшесінен ізім-ғайым жоғалған 19 жастағы қатардағы жауынгер Ұлықбек Айдарбекұлы Бердішевтің мәйіті Қырғызстанда таудан табылды.
Сарбаздың нағашы ағасы Бауыржан Мерековтің айтуынша, Ұлықбек Бердішевтің өлі денесін Қырғызстанда тауда асылып тұрған жерінен тапқан.
Мамандар сарбаздың денесіне сараптама жасау үшін мәйітті көрші елге алып кеткен.
Осыдан екі күн бұрын сарбаздың киімдерін қырғыз шопан тауып алып, туыстарына тапсырған. Киімі табылған соң Ұлықбектің туыстары шекарадан өтіп, сарбаздың киімі табылған жерге барғанда, 100 метр жерден баланың тауда өз белдігіне асылып тұрғанын көрген. Қалған киімі сарбаздың үстінде болған.
Жоғалған сарбаз Қызылорда облысы Қазалы ауданында туған. Ол соңғы рет атқора тазалап жүріп, ұшты-күйлі жоғалған.