Қызылордада әскерден оралған сарбаз есінен алжасқан
Қызылорда облысының Арал ауданының тұрғыны әскерге кеткен баласының ақылына алжасып келгенін айтып жан ұшырды, деп хбарлайды “Адырна” ұлттық порталы Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Отан алдындағы борышын өтеуге кеткен 19 жастағы жігіт қазір жақындарын мүлдем танымайды.
Есінен адасқан сарбаз қойылған сұрақтарға жауап бере алмайтын халге жеткен. Тіпті, өз әкесіне де қол көтеріп жүр. Ашынған ата-ана мұның бәріне әскери қызметкерлер кінәлі, дейді.
Әскерден оралғанына 3 күн болған Ренат Жеткергеновтің қазіргі жағдайы осы. Отбасынан тыныштық кеткен. Күндіз-түні айқайлап, жақындарының мазасын алады. Үйде тұрған заттарды жан-жаққа лақтырып, қиратып жатқан көрінеді. Тынышталдыруға тырысқан әкесі де баласынан бірнеше рет таяқ жеген.
Ашынған әжесі де, немересін осы күйге түсіргендер жазасын алуын сұрайды. Сап-сау кеткен баласын емдетіп беруді талап етіп отыр.
19 жастағы сарбаз Ақтау қаласындағы Теңіз жаяу әскерлері бөлімінде борышын өтеген. Мерзімінің аяқталуына 8 күн қалғанда, "сәл ауырыңқырап" қалды деген сылтаумен үйіне қайтарылған. Ренатты күтіп алған ата-анасы ұлдарының түрін көріп жағаларын ұстапты. Айтуларынша, үстіндегі киімі шұрық-тесік, аяғында жаздық тәпішке болған. Отан алдындағы борышын өтеп емес, құдды құлдықта жүргендей оралды, дейді ағасы. Күдіктенген туыстары баланы аурухаға барып тексерткен.
Ағасына үйге келгенде әскери шенділердің қалай қорлағанын айтқан. Қайтатыннан 8 күн бұрын 4 қызметкер ұрып-соғып, құлағын тесіп әбден қинапты.
Қорғаныс министрлігінің өкілі мұның барлығын жоққа шығарып әлек. Олар Ренат әскер қатарына қабылданғанда денсаулығы жақсы болғанын, әскерде де оған ешкім тиіспегенін айтты.
Әскерде бірге болған жаунгерлік досы әскери бөлімде әлімжеттік жоқ деп отыр.
Казармада не болғаны белгісіз. Ренаттың да жағдайды түсіндіруге шамасы жоқ. Десе де, сарбаздың ет жақындары айыптыларды тауып, әділ жаза беруді талап етпекші.
“Адырна” ұлттық порталы

“Сержанттарының бәрін әкеліп, менің алдыма алып келіңіздер сіздерден сұрайтыным. Сап-сау баланы ауру қылып, мынадай қылып әкеп тастағаны үшін. Офицер Мәліков Әлімжан, Көпжан деген сержанттарды менің алдыма әкелулеріңізді сұрмаймын”, – деп ашынды сарбаздың анасы Айғаным Ізбасарова.
Ашынған әжесі де, немересін осы күйге түсіргендер жазасын алуын сұрайды. Сап-сау кеткен баласын емдетіп беруді талап етіп отыр.
“Қандай күйінде алып кетті, сондай күйінде әкеліп берсін әскери бөлімі. Ол жердегілер не істеп отыр? Қой бағып отыр ма? Оншақты балаға ие болмай?” - дейді жәбірленушінің әжесі Мәриям Игілікова.
19 жастағы сарбаз Ақтау қаласындағы Теңіз жаяу әскерлері бөлімінде борышын өтеген. Мерзімінің аяқталуына 8 күн қалғанда, "сәл ауырыңқырап" қалды деген сылтаумен үйіне қайтарылған. Ренатты күтіп алған ата-анасы ұлдарының түрін көріп жағаларын ұстапты. Айтуларынша, үстіндегі киімі шұрық-тесік, аяғында жаздық тәпішке болған. Отан алдындағы борышын өтеп емес, құдды құлдықта жүргендей оралды, дейді ағасы. Күдіктенген туыстары баланы аурухаға барып тексерткен.
“Басынан соққы алған. Қысым, давление бар дейді. Сол жүректі көтеріп тұр. Сосын балада басында ауытқу жағдай болып тұр, деді. Әртүрлі сандырақтап, боғауыз сөздерді айтып, бізді құшақтап ұрып, әкесін ұрып, анасын мазақ қылып күліп әртүрі жағдай болып жатыр”, – дейді сарбаздың ағасы Бахтияр Нағашыбаев.
Ағасына үйге келгенде әскери шенділердің қалай қорлағанын айтқан. Қайтатыннан 8 күн бұрын 4 қызметкер ұрып-соғып, құлағын тесіп әбден қинапты.
“Көке мені сол төрт сержантым басқа казармаға алып кетіп сол жерге барып маған издевательства жасап, құлағын тескен, құлағында жарақаты тұр. Құлағын инемен тесіп "мен сені қыз қыламын, мен сені әйелім қыламын" деп сөйтіп зорлық-зомбылық жасаған балаға”, – дейді ағасы.
Қорғаныс министрлігінің өкілі мұның барлығын жоққа шығарып әлек. Олар Ренат әскер қатарына қабылданғанда денсаулығы жақсы болғанын, әскерде де оған ешкім тиіспегенін айтты.
“Тәжірибелі командирлер, тәрбиешілер мен сержанттар сарбазға әскери қызметті өткеру уақытында қолдау көрсеткен. Сонымен бірге, қатардағы жауынгер Ренат Жеткергенов қызмет өткерген кезінде денсаулығына және басқа да шағым жасамаған”, – дейді ҚР қорғаныс министрлігінің офицері, майор Ғани Нүсіпов.
Әскерде бірге болған жаунгерлік досы әскери бөлімде әлімжеттік жоқ деп отыр.
“Қайтуына 2-3 күн уақыт қалғанда жеткенде Ренат өзін жаман жағынан көрсете бастады. Мінез-құлқы өзгерді, бізді шошытты”, – дейді жауынгер досы Әлихан Нүсіпбек.