Қызылордада тіркелген қылмыстың саны 12,2 пайызға төмендеді
Қызылорда облысы бойынша биылғы жылдың 3 айында 972 қылмыс тіркелді. Бұл өткен жылдың үш айымен салыстырғанда 12,2 процентке төмен. Атап айтсақ, ауыр қылмыстар 7%, ауырлығы орташа қылмыстар 33,6% азайған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасының қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің бастығы Қанат Жалғасов хабарлады.
Жыл басынан бері 43 209 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Сәйкесінше былтырғыдан 15,6 процентке кеміген. Оның басым бөлігі уәкілетті органдармен қаралды.
«Биыл тіркелген қылмыстарды талдау барысында тонау 33,3 пайызға, зорлық-зомбылық 44,4 пайызға, ал алаяқтық қылмыс бойынша 56,8 пайызға азайды. Жалпы қылмыстың әрбір үшіншісі ұрлық қылмысы болып отыр. Сонымен қатар биыл 22 қылмысты жасыру фактісі анықталды. Бұл іс бойынша тиісті құжаттар прокуратура органдарына жолданды», – деді Қанат Аралбайұлы.
Жыл басынан бері 43 209 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Сәйкесінше былтырғыдан 15,6 процентке кеміген. Оның басым бөлігі уәкілетті органдармен қаралды.
«Жалпы тіркелген әкімшілік құқық бұзушылықтардың көп бөлігі полиция органдарына тиесілі. Былтырдан бастап әкімшілік рәсімдік-процес кодексі қолданысқа енгізілген болатын. Осыған байланысты «e-Өтініш» ақпараттық жүйесіне 17 мыңға жуық жеке және заңды тұлғалардан өтініш келіп түсті. Аталған өтініштердің 9 893-і қаралды», – деді Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасының азаматтық және әкімшілік салалардағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің бастығы Тұрсынқожа Үсенов.«Осы жылдың үш айында соттылықтың болу не болмауы туралы анықтама алуға 184 өтініш келді. Оның барлығы Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы арқылы келіп түсті. Архивтік анықтамаларды немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру түріндегі қызметті алу үшін «Электронды үкімет» веб-порталы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы жүзеге асырылады», – деді Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасының қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің прокуроры Дана Ахылбекова.