» » БІЛІМ, ҒЫЛЫМ – МӘҢГІЛІК ҚАЖЕТТІЛІК

БІЛІМ, ҒЫЛЫМ – МӘҢГІЛІК ҚАЖЕТТІЛІК



Ғылым - адамның табиғат, қоғам және өзінің танымы туралы білім алуға бағытталған рухани қызметінің даңғыл жолы. Дүние сырларының - кілті. Ол ұрпақтан ұрпаққа жеткізілетін баға жетпес құндылық. Елімізде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен 2011 жылы 12 сәуірде «Ғылым қызметкерлерінің күні» ретінде бекітілді. Бұл күн Қазақстан ғылым академиясының тұңғыш президенті академик Қаныш Сәтбаев дүниеге келген.

«AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалы жанынан «Білім және ғылымды дамыту» мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес құрылған болатын. Партияны модернизациялау аясында «Әлеуметтік мәселер» жөніндегі қоғамдық кеңеспен бірікті. Жалағаш аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері аталған кеңес құрамында бар. Біз ауданымызда ғылым саласының дамуы жолында өз ұсыныстарымыз жеткізіп келеміз.Қазіргі таңда ауданымызда облыстық және республикалық деңгейде ғылыми жобалар қорғап ауданымыздың атын шығарып жүрген жас білім алушыларымыз жетерлік. Ел болашағы – білімді ұрпақ демекші біз осы жас жеткіншектерге жағдай жасауымыз қажет.

ДОСЫМОВ Қайрат,
Жалағаш аудандық мәслихат депутаты, аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі
12 сәуір 2022 ж. 98 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 051

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30