» » Қызылордада 66 тұтынушының құқығы бұзылды

Қызылордада 66 тұтынушының құқығы бұзылды

Осы жылдың үш айында тұтынушылардың құқығын бұзу туралы 66 өтініш түскен. Оның 45,4 проценті сапасыз тауарды айырбастау немесе қайтарудан бас тарту секілді арыздар. Аталған өтініштердің 31-і заңға сәйкес қанағаттандырылды. Ал 17 өтініш басқа мемлекеттік органдарға жолданып, 18-і түсіндірілді. Нәтижесінде тұтынушыларға барлығы 293 мың теңгеден астам қаржы кері қайтарылды.

Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Ерқасым Сүлейменов мәлімдеді.

«Тұтынушы құқығының жиі бұзылуы – сатушылардың және тұтынушылардың заң талаптарын білмеуінен орын алады. Осыған орай, департамент тарапынан «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес аталған әлеуметтік зерттеу қорытындысы тиісті уәкілетті мемлекеттік органдарға жолданып, тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында жұмыстар жүргізілуде. Заңмен бұзылған құқықтарды қалпына келтіру, шығындарды өтеу, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында дәйекті үш сатылы жүйесі енгізілді. Онда сатып алушы мен тауар берушінің нақты талаптары қарастырылған», – деді Ерқасым Сүлейменов.
13 сәуір 2022 ж. 73 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 773

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930