Қазақстанда тіркелген көліктердің саны азайған
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстанда 143 мың автокөлік тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл 6,7 пайызға аз. Мәселен, 2022 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөліктердің жалпы саны 3 миллион 826 мың», деді Ұлттық статистика бюросы.
Қазіргі уақытта елімізде 10 жылдан асқан 92 810 автокөлік, 7 жылдан 10 жылға дейінгі 23 072 автокөлік болса, үш жылдан аспайтын көлік саны – 19 555. Олардың 85,8 пайызы жанармай ретінде бензин пайдаланады.
Екі айда 1801 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 2693 адам зардап шекті. Өткен жылмен салыстырғанда жазатайым оқиға 1,9 пайызға артқан.