Ашық диалог – мардымды іс
«AMANAT» партиясы Қоғамдық саяси институтының базасында саяси диалогтың жаңа мәдениеті стандарттарын қалыптастыруға бағытталған және партияны трансформациялау бағдарламасы тармақтарының бірі «TALQYLAU» жаңа диалог алаңы алғашқы отырысын бастады.
Өз кезегінде партияның жаңа диалог алаңы мүдделі тараптарды өзекті әлеуметтік-саяси мәселелерді талқылау мен ел азаматтарының проблемаларын шешуге бағытталған ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеуге бастама жасауда. Мұнан бөлек саяси алаңда партия мен мүдделі тараптар арасында айрықша диалог құрылып, партиялық және мемлекеттік шешімдерге сараптамалық және қоғамдық зерделеу жүргізіледі. Осы арқылы партия халықпен кері байланыс арналарын кеңейтуді көздеуде және бұл «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасымен сәйкес іске асырылуда.
Алаң Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналып, негізгі уақыты пікірталас пен ой бөлісуге арналды. Оған спикерлер де, залдағы қонақтар да белсенді қатысып, Жолдауда қамтылған реформалардың, олардан туындайтын міндеттердің маңыздылығы туралы өз ойларын ашық, еркін түрде жеткізді. Сонымен қатар, онлайн-қатысушылар аудитория ауқымын арттырды және өз сұрақтарын қоюға да мүмкіндік алды.

А.ОҢҒАРБАЕВ,
облыстық мәслихат депутаты
облыстық мәслихат депутаты