» » «AMANAT» АШЫҚТЫҚ, ТИІМДІЛІК ЖӘНЕ ЖАУАПТЫЛЫҚТЫ ҰСТАНАДЫ

«AMANAT» АШЫҚТЫҚ, ТИІМДІЛІК ЖӘНЕ ЖАУАПТЫЛЫҚТЫ ҰСТАНАДЫ


Мемлекет басшысы, партия төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өткен партия съезінде маңызды бірқатар маңызды міндеттерді жүктеді. Осы орайда, бүгін аудандық партия филиалының төрағасы, аудан әкімі Асылбек Өмірбекұлының төрағалығымен аудандық партия активінің жиналысы болып өтті. Аталмыш жиынға бастауыш партия ұйымының төрағалары, қоғамдық кеңес төрағалары, саяси кеңес мүшелері, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, «Jas Otan» жастар қанатының мүшелері, партия ардагерлері және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты. Асылбек Өмірбекұлының төрағалығымен өткен жиында съезде берілген тапсырмаларды орындау мәселесі қаралды.

«AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева кешегі өткен партия съезінің қорытындылары, партияны жаңғыртудың бағдарламасын іске асыруда алда тұрған міндеттер туралы баяндама жасады. Жаңа Қазақстанды құру жолында жаңару жолындағы партияға айрықша жауапкершілік жүктеліп, үлкен сенім артылды. Бұл тұрғыда жаңарған партия съезде Төраға атап көрсеткендей, барлық реформаға ұйытқы болып, жаңа кезеңде жақсы істердің басында ғана емес, нақты нәтижелер мен жақсы шешімдердің де иесі болуы тиіс. «AMANAT» – елдің, қоғамның арасындағы қордаланған мәселелердің оң шешімін табуына ықпал етіп, сайлаушылардың сенімін арқалаған партияның шынайы бейнесін айқындайды – деді Қаншагүл Мұстафаева.


Жиында сөз алған Жалағаш аудандық мәслихат хатшысы, аудандық Саяси кеңес мүшесі Құрманбаева Гүлзат партияның жаңғыруға қатысты бағдарламасы мен аудандық мәслихат депутаттарының рөлі туралы айтып өтті. Халықты толғандыратын ең маңызды және өзекті мәселелер бойынша «Talqylau» пікірталас алаңы құрылады және тұрғындарды толғандырған мәселелер фракция отырысында талқылануы тиіс. Осы арқылы «Ашық партия» тұжырымдамасы жүзеге асырылмақ. Ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы партияны жаңғыртуға қатысты берілген тапсырмасы аясында партия мүшелері мен халықтан ұсыныстар жинақталды. Нәтижесінде барлық маңызды ұсыныстар ескеріліп 7 бағыттан тұратын партияны модернизациялауға арналған бағдарламасы бекітілді. Партияның жаңғыру мен өзгеріске ұмтылуы қоғамның негізгі сұраныстарына – ашықтық пен есептілікке, тиімділік пен жауапкершілікке, жеделдік пен әділдікке негізделген бағдарламаны баршаңызды қолдауға шақырамын - деді Гүлзат Құрманбаева.


Актив отырысында жарыс сөзге партия ардагері Қалдыгүл Дәулет мемлекеттік саясатты дамытудың негізгі бағыттары мен партиялық жобаларды іске асыру және елдің жетекші саяси күшінің жұмысын қайта жаңғырту бойынша қабылданған шараларды белсенді жүзеге асыру туралы айтты. Сөз соңында партия ардагері партияның жұмыс тәсілін жаңарту бастамасына қолдау білдіретінін жеткізді.


Жаңғыру жұмыстарында жастар үшін қамтылып отырған жобаларды белсенді жүзеге асыру мен жас көшбасшыларды ұйым қатарына қосу, жас депутаттар корпусын жандандырудың маңыздылығы туралы «Jas Otan» жастар қанаты Жалағаш аудандық бөлімше басшысы, аудандық мәслихат депутаты Серәлі Нарбота өз пікірін білдірді. Барлық деңгейдегі мәслихаттағы жас депутаттар өзіміздің өзекті мәселелерді үлкен жиындарда көтеріп, олардың тек сөз жүзінде ғана емес, нақты іске асуын қадағалаумен қатар, съезде партия Төрағасы атап өткендей жанымызға беделді жас көшбасшыларды жинап, бар күшімізді Жаңа Қазақстанды құруға бағыттауымыз қажет – деді Серәлі Нарбота.
Жиын соңында аудандық партия филиалының төрағасы, аудан әкімі Асылбек Шаменов партияны жаңғырту бағдарламасында қамтылған міндеттерді партияның барлық алаңдарын пайдалана отырып қарқынды жұмыс жүргізуді тапсырды. Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жаңа Қазақстанды құру бойынша реформаларында айқындалған еліміздің табысты дамуына бағытталған міндеттер мен партияны жаңғырту жұмыстарын онан әрі де бірлесіп, белсенділікпен атқаруға шақырамын – деді Асылбек Шаменов.


Халық көздегіні ғана емес, көңілдегіні де көреді. Өткен тарихымызда «Nur Otan» партиясы нақты нәтижелермен және игілікті істермен сайлаушылардың көңілінен шыға білді. «Елің қуатты болса, бағың тұрақты болады» - дейді халқымыз. Күнімізді шуақты ете түсу үшін елімізді қуатты ету барлығымыздың ортақ парызымыз. Ендігіге бұл «AMANAT» - тың болашаққа жол сілтейтін темірқазығы болуға тиіс.


05 наурыз 2022 ж. 504 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930