» » Мұғалімдердің жалақысы 790 мың теңгеге дейін көтеріледі

Мұғалімдердің жалақысы 790 мың теңгеге дейін көтеріледі

Ең аз орташа айлық Түркістан облысында

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Атырау, Маңғыстау, Алматы және Түркістан облыстарына басқа өңірлерден баратын мұғалімдер екі есе жоғары жалақы алатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов педагогтерді әлеуметтік қолдау бағдарламасы биылғы қыркүйек айынан басталатынын айтты.

«Қарастырылып отырған 3,9 млрд теңге екі мәселені де қамтып отыр. Біріншіден, мұғалімдердің екі есе жалақы алуы және бұған қоса тұрғын үй жалдау мен коммуналдық шығындарды төлеу ескерілген. Неге біз бұл мәселені жалақының ішінде қарастырып отырмыз? Біздің заңнамаға сәйкес, тұрғын үй жалдау мен коммуналдық төлемақыны тек жергілікті бюджеттен бере аламыз. Сондықтан жергілікті бюджетке ауырпалық түсірмеу үшін және заңнаманы бұзбау үшін бұл мәселені жалақы арқылы шешіп отырмыз. Мәселен, Мұнайлы ауданына көшіп баратын мұғалім қыркүйек айында жалақы алатын болса, онда оның жалақысы 790 мың теңгеге жуық болады. Сол 790 мыңның 140 мыңға жуығы коммуналдық шығындар болады, ал 650 мың теңгеге жуығы - мұғалімнің өз жалақысы», деді министр.

Министрдің айтуынша, бұл мәселе ведомствоның бұйрығында және мұғалімнің алған түбіртегінде жазылатынын атап өтті.
20 сәуір 2022 ж. 374 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 778

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031