» » Қызылордада «Интеллектуалды ұлт» телевизиялық білім сайысының жеңімпаздары анықталды

Қызылордада «Интеллектуалды ұлт» телевизиялық білім сайысының жеңімпаздары анықталды


Қызылорда облыстық білім басқармасы және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, облыстық «Qyzylorda» телернасы мен Жастар ресурстық орталығы бірлесіп ұйымдастырған «Интеллектуалды ұлт» облыстық телевизиялық білім бәйгесінің финалдық кезеңі өтті.

Өңіріміздегі білімді жастарды даралайтын телевизиялық білім сайысының қорытынды кезеңіне Арал, Қазалы, Жалағаш аудандары мен Қызылорда қаласынан командалар қатысып, бақ сынасты. Тапқырлығы мен білімі арқылы дараланған оқушыларға ақтық мәреде түрлі сала бойынша, логикалық, тарихи бағыттағы сұрақтар қойылды.

Сайыстың нәтижесі бойынша І орынды Қазалы ауданынан құралған команда жеңіп алса, ІІ орын Арал ауданының командасына бұйырды. Ал, Жалағаш ауданынан құралған команда ІІІ орынды иеленсе, Қызылорда қаласының командасына арнайы алғыс хат табысталды.

Ұшқыр ойлы ұрпақ тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған жобаның финалдық бәсекесіне облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ректоры Бейбіткүл Каримова мен облыстық «Qyzylorda» телернасының орынбасары Айсұлу Қасымова қатысып, жеңімпаздарды марапаттады.

Сондай-ақ, жеңімпаз болып танылған үш команданың үш үздік қатысушыларына Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің тегін білім гранты табысталады.
22 сәуір 2022 ж. 116 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 279

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031