БІЛГІРЛЕР БӘЙГЕСІ ӨТТІ

Ойынның негізгі мақсаты ұлттық құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ мемлекеттік рәміздердің 27 жылдығын атап өту.
Ойын барысы 2 кезеңнен өткізілді. Жалпы жастарға қазақ тарихы, мемлекеттік рәміздер және түрлі салалар бойынша сұрақтар қойылды. Тартысты додада 4 команда бақ сынады. Интеллектуалды ойында әділ қазы мүшелігінде «Қызылорда облысының жастар Одақтары» қоғамдық бірлестігінің төрғасы Серік Әбіл, аудандық тарихи өлкетану мұражайының қызметкері Қанат Жапақов және аудандық Жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Нарбота Серәлі төрешілік жасады.
Нәтижесінде, ұпай сандары бойынша жүлделі 1 орынды иеленген «Мәңгілік» командасы, жүлделі 2 орынды «Қызғалдақ» командасы иеленсе 3 орынды «Жүргенов жастары» командасы иеленді. Сонымен қатар «201 city» командасы белсене қатысушы ретінде марапатталды. Барлық жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен дипломдар табысталды.