» » Білім министрлігі мектеп бітіру кешін қалай өткізу керек екенін айтты

Білім министрлігі мектеп бітіру кешін қалай өткізу керек екенін айтты

Түлектердің мектеп бітіру кеші тек мектеп қабырғасында өтуге тиіс. Бұл туралы білім және ғылым министрлігі мәлімдеді.

«Соңғы екі жылда коронавирус індеті мектеп пен ұстаздардың дәстүрлі қоштасу кешін өткізуін тоқтатып тастады. Ал қазір эпидемиологиялық жағдай мұндай кешті өткізуге мүмкіндік береді. Бірақ кештің барлығы міндетті түрде мектеп қабырғасында өткізілуі керек. Мектептердің қамқоршылық кеңестері мен білім басқармалары түлектердің ата-аналарына іс-шараларға шығындалудың тиімсіз екенін түсіндіруі қажет. Бұл сұрақ – күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі», – деді БҒМ МДОБК тәрбие жұмысы және қосымша білім беру басқармасының басшысы Самал Қадырова.

Мектеп бітіру кеші білім ошағының өз күшімен ұйымдастырылуы керек.

Бұл ретте мектеп бітіру кештерінде мына дүниелерге рұқсат етілмейді:

– салтанатты кешті өткізуге ақша төлеп, аниматорларды, мерекелік агенттіктерді, әртістерді, жеке студияларды тартуға;

– мерекелік дастархан ұйымдастыруға;

– автокөліктерді жалға алып, қала (аудан) бойынша экскурсия өткізуге;

– мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге сыйлық алу үшін ақша жинауға;

– мектеп бітіру кештерін ойын-сауық мекемелерінде ұйымдастыруға.

Мектеп бітіру кешіне мұғалімдер, түлектер және олардың ата-аналары, педагогикалық еңбек ардагерлері, Қамқоршылық кеңес мүшелері, патронаттық ұйымдар, білім басқармалары мен бөлімдерінің өкілдері қатыса алады.

Айта кетері, Қазақстанның барлық мектебінде соңғы қоңырау 25 мамырда өтеді. Аттестат салтанатты түрде 16-17 маусымда тапсырылады.

Sputnik.kz
22 сәуір 2022 ж. 427 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 778

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031