» » Асылбек Шаменов жаңа қызметке тағайындалды

Асылбек Шаменов жаңа қызметке тағайындалды


Қызылорда қаласының әкімі болып Асылбек Шәменов тағайындалды.

Асылбек Шаменов 1978 жылы туған. Ол Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «Халықаралық туризм», Қызылорда мемлекеттік университетін «Мұнай-газ кен орындарын игеру» және «Құрылыс» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы «Қызылорда интеграция» компаниясының менеджері ретінде бастаған.

2007-2012 жылдары Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, сондай-ақ облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармаларында жауапты қызметтер атқарған.

2012-2018 жылдары Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары.

2018-2020 жылдары Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы;

2020 жылдың наурыз айынан бастап Жалағаш ауданының әкімі болып қызмет атқарды.
28 сәуір 2022 ж. 594 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 023

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30