» » Аудан әкімі А. Есжановтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы

Аудан әкімі А. Есжановтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы

Құрметті аудан тұрғындары!
Қадірлі, ағайын!
Сіздерді барша мұсылман қауымының тамаша мейрамы – Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Қасиетті рамазан айында күллі мұсылман қауымы исламның бес парызының бірі – ораза ұстап, аузын бекітіп, Аллаға дұға етіп, табиғаттың сансыз нығыметтерінің қадірін сезінеді.
Ораза айт осы бір қастерлі де қасиетті маусымның аяқталғанын білдіретін, халқымыз үшін игі істер мен жақсылықтардың бастауы болатын мереке.
Адамзатты игі амалдар мен мейірімге, парасат биігіне жетелейтін Рамазан айында тілеген тілектеріміз қабыл болсын! Әрбір азамат қасиетті айда жасаған ізгі ниетті амалдарымен еліміздің, жаңа Қазақстанның өсіп-өркендеуіне үлес қосады.
Қасиетті ораза айт мерекесі отбастарыңызға береке, бірлік, ризық-несібесін алып келсін!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, бауырымыз бүтін болсын!
Тәуелсіз еліміздің көк Туы асқақтап, ұрпақтарымызды биік арман мұраттарға жетелесін!
02 мамыр 2022 ж. 715 0