» » Қазақстанда қайта вакцинациялау басталды

Қазақстанда қайта вакцинациялау басталды

Бас санитар дәрігерінің коронавирус инфекциясына қарсы қайта вакциналауға рұқсат беретін қаулысы шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атап айтсақ, ҚР бас санитар дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы №2 қаулысына өзгеріс енгізіліп отыр.

«КВИ-ге қарсы, оның ішінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған вакциналармен вакцинациялаудың толық курсын қайта жүргізуге жол беріледі. КВИ-ге қарсы вакцинациялаудың толық курсын қайта жүргізуге егілетін адамның немесе оның заңды өкілдерінің профилактикалық егулердің қайталама курсын жүргізуге ерікті түрде хабардар етілген келісімін алғаннан кейін ғана осы алгоритмге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша түрде жол беріледі», делінген құжатта.

Құжатқа сәйкес, коронавирусқа қарсы толық қайта вакциналаудан өту үшін алдыңғы екпе алған күннен кейін кемінде 3 ай уақыт өтуі керек.
 
1 мамырдағы дерекке сәйкес, елімізде коронавирусқа қарсы вакциналаудың толық курсын 9 246 600 адам алды. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың мәліметі бойынша, ревакциналаудан 2,4 млн адам өткен.
03 мамыр 2022 ж. 614 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 703

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930