Нұрлыбек Нәлібаев: Бюджет қаражатын тиімді пайдалану мақсатында жобаларды қайта қарадық
Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен облыстық мәслихатының кезектен тыс XV сессиясы өтті. Сессияны облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов жүргізді.
Жиынға облыстық мәслихат депутаттары, басқарма басшылары, қала және аудан әкімдері қатысты.
Күн тәртібінде «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2021 жылғы 13 желтоқсандағы №72 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу және Қызылорда облысы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы 2 мәселе қаралды.
Аймақ басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткішін саралап, бюджет қаражатын тиімді жұмсау бағытында алдағы міндеттерге тоқталды.
Жиында облыс әкімі әлеуметтік мәселелерге арнайы тоқталды. Мәселен, автобус паркінің көліктері тозуына байланысты жөндеуге жұмсалатын шығындар көбейіп, күнделікті түсім төмендегенін жеткізді. Бұл ретте халықтың сұранысын қанағаттандыру мақсатында жаңадан 150 дана автобус алынатынын айтты.
Сондай-ақ, білім, мәдениет, спорт саласындағы нысандарды салу барысында нақты қажеттілікті ескеру және бос тұрған ғимараттарды тиімді пайдалану мәселесін көтерді. Мұнымен қоса, облыс әкімі азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша нақты шаралар қабылданатынын жеткізді.
Жиын барысында депутаттар тарапынан ұсыныстар айтылды. Облыс әкімі көтерілген мәселелер мен жолданатын ұсыныстар зерделеніп «Қызылорда облысы әкімінің іс-қимыл жоспары» енгізілетінін атап өтті.

«2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім жобасы сіздерге ұсынылды. Алайда, бюджет тұрақтылығын қамтамасыз ету, бюджет қаражатын тиімді пайдалану мақсатында жобаларды қайта қарадық. Нәтижесінде біршама инвестициялық жобалар оңтайландырылды. Мен білім, мәдениет, спорт саласының жанашырымын. Аймағымызда жаңа нысандардың бой көтергенін мен де қалаймын. Бірақ, бірінші кезекте тұрғындарға ауыз су, газ, жол инфрақұрылымдарын жеткізу, осы мәселелерді шешу маңызды. Осы орайда, менің тапсырмама сәйкес жоба құжаттарының өзектілігі, тиімділігін және сәулеттік келбетінің үйлесімділігін қарайтын арнайы кеңес құрылды. Кеңестің құрамына елге белгілі қаржыгерлер, құрылысшылар, жобалаушылар, өз саласының білікті мамандары кіргізілді. Бұдан былай, бағдарлама әкімшілері, қала және аудан әкімдері жүзеге асыратын жобаларын осы кеңесте қорғайды. Кеңестің оң шешімін алғаннан кейін ғана жоба жүзеге асырылатын болады», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.
Жиында облыс әкімі әлеуметтік мәселелерге арнайы тоқталды. Мәселен, автобус паркінің көліктері тозуына байланысты жөндеуге жұмсалатын шығындар көбейіп, күнделікті түсім төмендегенін жеткізді. Бұл ретте халықтың сұранысын қанағаттандыру мақсатында жаңадан 150 дана автобус алынатынын айтты.
Сондай-ақ, білім, мәдениет, спорт саласындағы нысандарды салу барысында нақты қажеттілікті ескеру және бос тұрған ғимараттарды тиімді пайдалану мәселесін көтерді. Мұнымен қоса, облыс әкімі азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша нақты шаралар қабылданатынын жеткізді.
«Соңғы уақыттағы геосаяси жағдай мен инфляция әсерінен азық-түлік бағасының қымбаттауы орын алды. Бұл ретте, аудан әкімдеріне жергілікті шаруашылықтармен бірлесіп, тұрғындарға бау-бақша және көкөніс егуге жағдай жасауды тапсырдым», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.