Үнемделген қаржы үйлесімді жұмсалмақ

Оның айтуынша, осы жылдың 28 қазанында өткізілген облыстық мәслихат сессиясының шешімімен аудан бюджетіне 60,9 млн теңге қаржы бөлінген. Сәйкесінше жыл ішінде жоғары тұрған бюджеттен бөлінген қаржының үнемделген бөлігі 45,6 млн теңгеге қысқартылған.
– Бөлінген қаржының ішінде Дәуімбай учаскесінде салынып жатқан 10 тұрғын үйді толығымен аяқтауға 12,7 млн теңге қосымша бөлінген. Сонымен бірге Аламесек, Мәдениет елді мекендеріндегі биотермиялық шұңқыр құрылысын толығымен аяқтауға 20,7 млн теңге бөлінді.
2020 жылға нақтыланған аудан бюджетіне жыл басынан үнемделген 67,2 млн теңгеге өзгерістер енгізілді. Бюджеттік бағдарлама әкімшісіне бағытталған қаржылар әлеуметтік нысандардың жылу жүйесіне, ағымдағы шығындарға, жоба сметалық құжат әзірлеуге, мәдениет саласының материалдық техникалық базасын нығайтуға, кент және ауылдық округтердің шығындарымен есептесуге аудандық бюджеттен бағытталады, – деді бөлім басшысы.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша «Жалағаш ауданы әкімдігінің жанынан кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамын бекіту туралы аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 4 қазандағы №33-3 шешіміне және аудан әкімдігінің дербес құрамына келісім беру туралы» аудандық мәслихаттың биылғы жылғы №60-2 шешіміне өзгеріс енгізу туралы аудан әкімі аппаратының басшысы Мейірбек Құрақбаевтың, «Қоғамдық кеңес құрамын бекіту туралы» аудандық мәслихаттың өткен жылғы №37-2 шешіміне өзгеріс енгізу туралы қоғамдық кеңес құрамын қалыптастыру жөніндегі жұмысшы топ мүшесі Амандық Нұржанның хабарламасы тыңдалды.
Сессияда депутаттар назарына ұсынылған барлық мәселелер қолдау тауып, шешім жобасы бірауыздан бекітілді.
Жиын соңында аудан әкімі Асылбек Шаменов жылды қорытындылауға аз уақыт қалғанын ескертіп, қолға алған жұмыстарды өз мерзімінде сапалы жүзеге асыруды тапсырды.
Г.АСҚАРҚЫЗЫ