» » Сессия отырысына бюджет мәселесі негіз болды

Сессия отырысына бюджет мәселесі негіз болды



Аудан әкімдігінің мәжіліс залында мәслихаттың кезектен тыс 29-сессиясы өтті.
Күн тәртібіне 2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы 2017 жылғы 22 желтоқсандағы мәслихат шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселе қойылды.


Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ж.Баймаханова хабарлама жасап, енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды саралап шықты.
2018 жылға арналған аудан бюджетінің нақтылануы бюджеттік бағдарлама әкімшілерінен үнемделген және қаржыландыру жоспарынан қысқартылған 50536,0 мың теңге қаржы бірқатар бюджеттік бағдарламаларға бағытталмақшы.
Жалпы, биылғы жылға арналған аудан бюджетінің нақтылануы бюджеттік бағдарлама әкімшілерінен үнемделген және қаржыландыру жоспарынан қысқартылған қаржы жылуға бағытталады. Бөлім басшысы «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер», «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту және мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарында медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру» бюджеттік бағдарламаларына тиісті қаржы жоспарланып отырғанын жеткізді. Сонымен қатар, «Жергілікті деңгейде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер», «Жергілікті деңгейде жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер», «Жергілікті деңгейде білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер», «Балаларға қосымша бiлiм беру», «Мәдени-демалыс жұмысын қолдау» сынды бірқатар бюджеттік бағдарлама бойынша да қаржы жоспарланғанын мәлімдеді.
Осы негізде хабарлама жасаған ауданның бас экономисі депутаттардан бюджетке енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға қолдау көрсетулерін сұрады. Халық қалаулылары бірауыздан қолдап, дауыс берді.
Жиын соңында аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев сөз алып, алда тұрған міндеттерді екшеп өтті.
***Сессиядан соң аудандық мәслихаттың “Өнеркәсіп, құрылыс, көлік, коммуналдық шаруашылық, аграрлық, кәсіпкерлік және қоршаған ортаны қорғау мәселелері” жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.
Отырыста аудан бойынша кәсіпкерлікті дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар қаралды.
Аталған мәселеге байланысты аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Ж.Еспенбет пен аудандық кәсіпкерлер палатасының басшысы С.Карипов хабарлама жасап, бұл бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстарды жүйе-жүйесімен тарқатып айтып берді.
Өз кезегінде аудандық мәслихат депутаттары ұсыныс-пікірлерін айтып, кәсіпкерліктің көкжиегі кеңейсе, халықтың әл-қуаты артатынын жеткізді.


А.АҚЫЛБЕК.


29 қыркүйек 2018 ж. 881 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930