» » Ораза айында 1,4 мың нәрестеге Рамазан есімі берілген

Ораза айында 1,4 мың нәрестеге Рамазан есімі берілген


Биыл Ораза айында туған 1 445 нәрестеге Рамазан есімі берілген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл Ораза айы 2 сәуірде басталып, 1 мамырда аяқталған еді. Мұсылман жамағаты үшін осынау қасиетті айда елімізде дүние келген ұлдарға Рамазан есімі жиі қойылып келген.

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, сәуір айында дүниеге келген 1 392 балаға Рамазан есімі берілген.

Жалпы, сол айда ұлдарға қойылған аттардың танымал ТОП-5-тігінде Айсұлтан (314), Әлихан (230), Нұрислам (138), Әмір (172) есімдері бар. Ал қыздарға Медина (592), Раяна (510), Айша (445), Айлин (345) және Асылым (262) есімдері қойылған.

Рамазан есімі мамыр айында дүниеге келген 51 балаға да берілген.
13 мамыр 2022 ж. 91 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 051

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30