» » ТҰРҒЫНДАР БЕЛСЕНДІ ТҮРДЕ ДАУЫС БЕРУДЕ

ТҰРҒЫНДАР БЕЛСЕНДІ ТҮРДЕ ДАУЫС БЕРУДЕ

Осыған дейін үміткер ретінде өздерін ұсынып, халыққа сайлауалды бағдарламасын насихаттаған кандидаттар үшін бүгін шешуші күн. Жалағаштық ағайын екі елді мекенде және кентте дауыс беру арқылы арқылы лайықты тұлғаны таңдамақ. Науқан әлі жалғасуда, тұрғындар белсенді. Жалағаш аудандық сайлау комиссиясы  ұсынған мәліметтерге сәйкес бүгінгі жергілікті сағат 18:00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 78,4 % алды.

Оның ішінде:

Жалағаш кенті -  77,6 %.
Еңбек ауылдық округінде – 83,2 %.
Мақпалкөл  ауылдық округінде – 81,1 %.

Дауыс беру барлық учаскелерде сайлау туралы заңнама талаптарына сәйкес өтуде, құқық бұзушылықтар анықталған жоқ, арыз-шағымдар түскен жоқ. Енді бірнеше сағаттан соң сайлау науқаны аяқталып, нәтижесі белгілі болмақ.
15 мамыр 2022 ж. 417 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 703

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930