Қос әкімнің жұмысына сәттілік тіледі
Кеше аудан әкімі Асқарбек Есжановтың төрағалығымен актив отырысы өтті. Басқосуда Асқарбек Темірбекұлы әріптестеріне жексенбіде өткен сайлаудың қорытындысымен Жалағаш кентінің әкімі Мардан Жамалатов және Еңбек ауылдық округінің әкімі Қайролла Қалданов болғанын жеткізді. Қос әкімнің өмір жолына, мемлекеттік қызметте жиған тәжірибесіне тоқталған өңір басшысы олардың алдағы жұмысына сәттілік тілеп, ауданның өсіп-өркендеуіне, экономикасының нығаюына бірлесе жұмыс жасайтынына сенім білдірді.
– Қос елді мекенге де әкім болып отырған жас жігіттер, сондықтан заманауи көзқараста жұмыс жасау керек. Қызметтеріңізге сәттілік тілеймін. Тек тапсырмамен жұмыс жасамай, елді мекенді дамытуға қатысты өзінің де мақсатын жүзеге асыруға күш салу керек. Біз осындай кадрлар тәрбиелеуіміз керек. Алдағы 5-10 жылда елдің тұтқасы болатын сіздерсіздер. Сондықтан осы жауапкершілікті назарда ұстаған абзал. Тағы да жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін. Осы мемлекеттік қызметте абыройлы еңбек етіп жатқан аға буынның жолын берсін. Алдағы уақытта өңірдің өркендеуіне, аудан экономикасында тұрақты өсім қалыптастыруға бірлесе жұмыс жасайтындарыңызға сенім білдіремін, – деді аудан әкімі.
Басқосуда Жалағаш кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Қожатай Құлмахан да қос азаматтың жұмысына сәттілік тілеп, ағалық ақылын айтты.
– Сайлау қорытындысымен әкім болып жатқан жігіттердің жұмысына сәттілік тілеймін. Қызметтеріңіздің берекесін берсін. Біз жас деп жүріп, жігіттердің орта жастан асып кеткенін білмей қаламыз. Міне, бүгінгі сайлауда жастардың тізгінді қолға алғаны құптарлық жұмыс болды. Сіздерге туған жерге тер төгу бақыты бұйырып тұр. Оған жастарыңыз да, шамаларыңыз да, жиған тәжірибелеріңіз де жететініне сенемін. Біз де осы жолдан өткенбіз. Ауыл және кент әкімі де болдық. Сіздерден де алдағы уақытта үлкен жауапкершілік талап етіледі. Елдің абыройына жұмыс жасайды деп ойлаймын, – деді Жалағаш кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы.
Айта кетейік, кешегі кент әкімін сайлауда 3 үміткер бақ сынаған болатын. Олардың сайлауалды бағдарламасына да қанықпыз. Оның біреуі ауыл шаруашылығы саласында жұмыс жасаса, енді бірі – ауданға белгілі ұлағатты ұстаз. Ал үшіншісі – аудан басшысы активке таныстырған Мардан Жамалатов.
Жалағаш кентінде барлығы 9 525 сайлаушы болса, олардың 7 754-і өз таңдауын жасаған. Әр үміткерге берілген дауыстар санына келсек, Нұржан Есенәлиев 908, Дархан Ильясов 2077 дауыс жинаса, Мардан Жамалатов халықтың басым дауысына ие болған.
Еңбек ауылдық округінде өткен сайлаудың қорытындысы да дәл осындай. Ауыл әкіміне 3 үміткер болса, оның біреуін партия ұсынған. Ауылдық округтегі 843 сайлаушының 748-і саяси науқанға қатысқан. Қорытындысында Алия Жиенбекова 118 және Мұрат Сариев 108 дауыс жинаса, Қайролла Қалданов сайлаушылардың басым дауысына ие болған. Қайролла Жетпісұлы бұған дейін де Еңбекте ауылдық округ әкімі қызметін атқарған болатын. Сондықтан ауылдың мәселесі оған таңсық емес деген ойдамыз. Сайлауалды бағдарламасы да ауылдағы ауқымды мәселелерді шешуге бағытталған. Қос әкімнің сайлауалды бағдарламасында көрсетілген мақсат-міндеттердің орындалуын алдағы 4 жылдың еншісіне қалдырдық.
Айта кетейік, жаңа форматта елді мекендер әкімін сайлау ауданда биыл екінші рет өтіп отыр. Былтыр Аққыр, Бұқарбай, Аламесек және Қаракеткен ауылдық округтерін сайлауда халық өз таңдауын жасаса, биыл Жаңадария ауылдық округі әкімін де ауыл халқы сайлады. Кешегі саяси науқанда халықтың таңдауымен 3 елді мекеннің әкімі белгілі болды.
Жандос ЖАЗКЕН