» » ЖАҢАРТЫЛҒАН КОНСТИТУЦИЯДА НЕ ӨЗГЕРЕДІ?

ЖАҢАРТЫЛҒАН КОНСТИТУЦИЯДА НЕ ӨЗГЕРЕДІ?

Маусым айында өтетін Конституциялық реформа 5 бағыттан тұрады. Жаңартылған Конституцияда не өзгеретін барлық қазақстандықтарды алаңдататыны белгілі. Сондықтан алдын ала Ата Заңға енгізілетін өзгерістер 5 бағыт бойынша топталып, ел арасында арнайы құрылған штаб мүшелерінің мұрындық болуымен түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Бірінші бағыт суперпрезиденттік басқарудан түбегейлі бас тартып, президенттік республика моделіне өту болып табылады. Бұл қалай жүзеге асады дегенге келетін болсақ, біріншіден Президент өз өкілеттіліктерін жүзеге асыру кезінде ешқандай саяси партияға мүше бола алмайды. Сондай-ақ, Конституциялық соттың, Жоғарғы соттың және өзге де соттың судьялары мен төрағаларына, орталық сайлау жүйесінің және аудиторлық палатаның төрағалары мен мүшелеріне де осындай тыйым салынады.
Айта кетейік, бұл түзетудің мақсаты саяси бәсекелестікті арттыру және барлық саяси партияларды дамытуға бірдей жағдай жасау. Бұл бағыт бойынша енгізілетін тағы бір өзгеріс Президенттің жақын туыстары мемлекеттік саяси қызметте, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылығында  жұмыс істей алмайды. Сонымен бірге Президент аудан, қала, ауылдық округ әкімдерін қызметінен босату құқығына ие болмайды.
18 мамыр 2022 ж. 416 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 127

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930