Жалпыхалықтық референдумды кәсіпкерлер қолдайды

– Мемлекеттің болашағына бей-жай қарамайтын кез келген қазақстандық жалпыхалықтық референдумның маңызын түсінуі керек. Ел болашағы үшін конституциялық реформа жасау қажеттігін Президентіміздің өзі де айтты. Біз конституциялық реформаның шешуші кезеңіне қадам басып жатқанымызды түсінуіміз керек. Шын мәнінде, мұның ел тағдыры үшін айрықша мәні бар. Сондықтан маусым айының басында өтетін жалпыхалықтық референдумға дауыс беруге шақырамын, – деді Кенжеғара Сүлейменов.

Кездесуде жергілікті кәсіпкерлер бұл саяси науқанның расында ел болашағы үшін аса маңызды екенін түсінетінін жеткізіп, алдағы саяси науқанға қатысуда белсенділік танытатынын жеткізді. Дәл осындай жүздесулер аудан орталығындағы бірқатар сауда орындарында жалғасын тапты.
«ЖЖ» ақпарат