Ақсу ауылының тұрғындары референдумды қолдайды

«AMANAT» партиясы жанындағы қоғамдық штаб мүшесі Ахан Кенжебаев еліміздің жүйелі трансформациясына ықпал ететін және мемлекеттің ұзақ мерзімді дамуының жаңа парадигмасын айқындайтын саяси реформалардың 10 басым бағытына тоқталып өтті.
Келелі кездесуде партияның аумақтық филиалы жанындағы қоғамдық штаб өкілдері алдағы референдумның маңыздылығы мен күтілетін нәтижелері туралы айтты.
Мемекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған өзгерістер мен реформалардың іске асуына, ел Президентімен бірге әділетті Жаңа Қазақстанды құруға шақырамын. Дана халқымыз айтқандай, бірлік бар жерде – тірлік бар, бірлік біздің қасиетті туымыз - дегендей баршаңызды ағымдағы жылдың 5 маусым күні өтетін жалпыхалықтық референдумға шақырамын – деді Ұлжахан Тәжібаева.