Денсаулық саласының қызметкерлері референдумды қолдайды
«AMANAT» партиясының Жалағаш аудандық филиалының мәжіліс залында жалпыұлттық референдумның маңыздылығы аясында денсаулық сақтау саласының өкілдерімен кездесу өтті. Келелі кездесуде партияның аудандық филиалы жанынан құрылған қоғамдық штаб мүшелері партияның аудандық филиалы Саяси кеңесі Бюросының мүшесі Құлмахан Қожатай, партия ардагері Дәулет Қалдыгүл қатысты.
Ауданымыздағы денсаулық саласы өкілдерімен кездесуге модераторлық жасап партияның аумақтық филиалы жанындағы қоғамдық штаб төрағасының орынбасары Нұржан Амандық отырды.
Кездесу барысында штаб мүшелері қатысушыларға Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы құқық қорғау саласы бойынша маңызды өзгерістер енгізілетінін, Конституциялық сот құрылатынын, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің, яғни омбудсменнің мәртебесі Ата заңмен айқындалатынын, елімізде өлім жазасы мүлде жойылатындығын, аудандық және қалалық мәслихат депутаттарын сайлаудың мажоритарлық жүйесінің толықтай енгізілуі өңірлердің тыныс-тіршілігіне азаматтардың ықпал ету мүмкіндігін арттыруға жол ашатыны жайлы кеңінен түсіндіріп, қатысушылардың ұсыныстарын тыңдады.
Кез-келген елдің даму кезеңдері болады. Еліміз 30 жыл ішінде дамудың даңғыл жолынан тайған емес. Енді кезекте мемлекетіміздің жаһандық өзгерістер мен уақыт талабына сай жаңа заң қабылдауы қалыпты деп білемін және жалпыұлттық референдумға қатысуға шақырамын - деді партия ардагері Құлмахан Қожатай.
Қазақстан халқы саяси жүйесі зайырлы, өркениетті, демократиялы бағытта қалыптасқан мемлекетте өмір сүруды қалайтын әр қазақстандықтың осы ауқымды шарада өз үнін білдіруі маңызды.
#ReferendumAMANAT