Синоптиктер мамыр айында ауа райы қандай болатынын айтты
“Қазгидромет” РМК инженер-синоптигі Сәуле Смағұлова мамыр айында ауа райы қандай болатынын айтып берді.
«Мамыр айында циклондар мен антициклондардың жиі ауысуы салдарынан суық және жылы толқындардың алмасуы орын алады. Айдың бас кезінде еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы суық әрі жаңбырлы болады деп күтілуде. Сонымен қатар жел күшейіп, найзағай ойнайды. Тек батыс пен оңтүстік батыста көбіне күн жылы болады. Себебі жылы ауа массалары басым түседі», – дейді Сәуле Смағұлова.
Синоптиктің болжамынша, көктемнің соңғы айындағы алғашқы онкүндіктің ортасында күн салқындайды.
Мамырдың ортасы мен соңында ауа температурасы төмендеп, суықтың екі толқыны жүріп өтеді деп болжануда. Ал солтүстік өңірде үсік жүруі мүмкін. Оған арктикалық теңіздер айдынынан суық ауа массаларының енуі себеп.
«Жалпы, мамырда еліміздің оңтүстік-батысында ауа температурасы нормадан бір градус жоғары болады. Ал солтүстік-шығысы өңірде орташа, нормаға жуық және төмен болады деп күтілуде», – дейді синоптик.
http://stan.kz