» » АУДАНДА 100 ДОМБЫРАШЫ БІР МЕЗЕТТЕ ҚҰРМАНҒАЗЫНЫҢ КҮЙЛЕРІН ОРЫНДАДЫ

АУДАНДА 100 ДОМБЫРАШЫ БІР МЕЗЕТТЕ ҚҰРМАНҒАЗЫНЫҢ КҮЙЛЕРІН ОРЫНДАДЫ


Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында бүгін Жалағаш кентінде «Домбыра – думан» атты домбырашылар шеруі өтті.

 Домбырашылар шеруі әуез мектебі мұғалімдері, оқушылары, этно топ домбырашылары, «Мұрагер» домбырашылар ансамблінен құралған 100 күйшінің қатысуымен өткізілді. Өңірдің өзіндік келбеті мен ерекшелігін, мәдени, рухани байлығы мен тарихи ізгі қадамдарын жұртшылыққа насихаттау бағытындағы айтулы шараның алғы сөзін аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов ашып, халқымыздың мәдениеті мен музыкасын дамыту, өскелең ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеудегі бұл шараның маңызы зор екендігіне тоқталды.
Шара барысында домбырашылар «Ерке сылқым», «Көрұғлы», «Күрішшілер биі», «Машботой», «Әлқисса», «Сал күрең», «Нар ағаш» туындыларын жекелей орындаса, Құрманғазының «Балбырауын» және «Адай» күйлерін 100 домбырашы бір мезетте орындап, домбыраның күмбірлеген үні көрермендерді ерекше әсерге бөледі.

29 мамыр 2018 ж. 1 002 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 130

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930