» » БАС ЖАРЫЛЫП, ҚОЛ СЫНУ КЕРЕК ПЕ?

БАС ЖАРЫЛЫП, ҚОЛ СЫНУ КЕРЕК ПЕ?

Көше бойындағы жиекжолдың (тротуар) жаяу жүргіншілері бірін-бірі қолтықтап әрең жүріп барады. Жанында сүйеніші жоқ жалғыз келе жатқан бір қартаңдау кісі шалқасынан құлады. Басынан қатты соққы алған ол бір сәт есеңгіреп жатты да, тізесі қалтырап орнынан әзер түрегелді. Абырой болғанда он екі мүшесі аман секілді, қалт-құлт етіп жайлап жылжи берді. Ал, Абай көшесіндегі саябақты іргелете түскен жиекжол үстіндегі әне бір жүргінші саябақ қоршауына сүйеніп не әрі, не бері қозғала алмай бір орнында қалшиып тұр. Сірә, әлгі бір әзіл әңгімедегідей: «Мына шарбақ таусылған соң не істеймін?» деп ойланып тұрған секілді. Иә, ол қалжыңның кейіпкері ішімдікке сылқия тойып, үйіне жете алмай, жар жағалап жүрген маскүнем еді ғой. Жоқ, біз айтып отырған бұл кісілер ішімдік ішпеген. Бұл – қар түсіп, жер қатқаннан бергі кент ішіндегі күнделікті өзіміз куә болып жүрген көріністер. Көлік көп жүретін орталық көшелер болмаса, шеткі көшелерді құрсап жатқан көк мұздың көбесі әлі сөгілмеген. Бүрі бар көлік дөңгелегі тайғанап жүргенде, тағасыз аяқкиімнің табанына қалай өкпелейміз?! Желтоқсанның соңына таяу қар үстіне жауған жаңбыр жер бетін айнадай етіп жалтыратып тастады. Содан бері көше қозғалысы қиындап кетті. Кей көшелердің ортасында жеңіл көліктер шыр айналып тұрса, жиекжолмен әрлі-берлі ағылған халық табанын көтерсе тайып жығылатын болған соң, амалсыздан мұздың үстімен аяқтарын сүйретіп жүр. Әзірге ауруханаға қол-аяғы сынып, басы жарылғандар тіркелмеген. Десе де, жазым аяқ астынан. «Сақтықта – қорлық жоқ». Сол жығылып жатқандардың аузынан: «Құдай-ай, енді табанымызға коньки байлап жүретін шығармыз. Мына жердің қарыстап қатқан қалың мұзын неге оймайды, тым болмаса неге құм мен тұз сеппейді. Әй, бірақ, өздері жаяу жүрмегесін...», – деген күйінішті сөздерді естисің. Енді қайтеді, мұз айдынында емес, көшенің ортасында аяғы аспаннан келіп, кескен теректей сұлап жатқан соң күйінеді-дағы. Расында, тиісті орындардың қызметкерлері кент ішін көлікпен емес, жаяу жүріп бір аралап шықса, халықтың жағдайын түсінер еді.
Алдымызда әлі екі ай қыс бар. Қаңтар айы да құбылмалы болып тұр. Қар аралас жаңбыр жауып, жұртты әлекке салды. Бірақ, көше көктайғақ екен деп тұрғындар тіршілігін тоқтатпайды ғой. Сондықтан бас жарылып, қол сынғанын күтіп отыра бермей, көшені де, жиек жолды да мұздан арылтуға тиісті шаралар жасалауы керек.

13 қаңтар 2018 ж. 1 507 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930