АРМАНЫҢ БАР МА, АЙНАШ?
Адам баласының өмірінде естен кетпес елеулі оқиғалар болады. Мәдениет ауылында 1954 жылы дүниеге келіп, жетпіс бірінші жылы мектеп бітірген біздер үшін өткен жыл той жылы болды. Елу төрттер ерекше ұйымшылдық танытып, зейнеткерлікке шыққанымызды атап өттік. Отбасымызбен араласып, жаңалықтарымыз бен жетістіктерімізді айтып, сағынышымызды бастық. Бірақ осыдан 46 жыл бұрын балдәурен балалық шақ, бірге өткізген мектеп бітірген түлектер бауырымыз бүтін, басымыз түгел емес едік. Қазекем, бес күн тіршілік деп бекер айтпаған ғой. Шыр етіп дүниеге келіп, жарық дүниенің нұрына бөленіп, өмірден өтіп жатқан жандар қаншама?! Мектепте бірге оқыған оншақты құрдасымыз тағдырдың жазуымен бақилық болып кетті. Солардың бірі – өмірден ерте озған КСРО Жоғарғы кеңесінің депутаты даңғайыр дихан Айнаш Балғабаева еді. Ең өкініштісі, пайғамбар жас 63-ке толып, тойлап жатқанымызда арамызда Айнашымыз жоқ. Енді біздің еншімізге ол жайлы естелік жазу бұйырыпты.
Мектептің бастауыш сыныбында оқып жүргенде Айнашпен бір партада отырдым. Сабақтан соң кешкілік 4-5 қыз бен ер бала үйімізге бірге қайтатынбыз. Ол бізге қарағанда аяқ-қолы балғадай, ірі денелі, қайратты, жүректі қыз еді. Жоғары сынып оқушылары әлімжеттік жасап, тиісіп жатса, сыныптастары бізді қорғайтын. Ол жас кезінен ер мінезді, елгезек, еңбекқор болатын. 1971 жылы Мәдениеттегі №32 1 Май орта мектепті бітірген соң, ауыл шаруашылығы жұмыстарына кірісіп кетті. Мектепте оқып жүргенде Айнаштың арманы Ы.Жақаев атасының жолын қуып, күріш өсіріп, дихан болу еді. Әрине, қолына кетпен ұстап, атыз жағалап жүріп, Сыр салысын баптап өсіру қыз балаға оңай шаруа емес. Диханшылық кәсіптің қыры мен сыры көп. Алайда, Айнаш күріш егіп, орналастыру технологиясын ернібей жүріп үйренді. 1972 жылы ардагер аға-апаларының батасын алып, күріш егіп, алғаш рет жерге дән сепкен кездегі қуанышын көрсеңіз... Күрішші қыздың қуанышына ортақтасып, алдағы еңбек жолына табыс тілеп, ізгі лебізімізді білдірген едік.
«Батамен ел көгерер, жауынмен жер көгерер» дейді. Айнаштың арманы орындалып, алғашқы қадамы сәтті басталды. Қарамағындағы егіс көлеміне сапалы тұқым сеуіп, тырмалау кестеге сәйкес суға бастыру, тыңайтқыш беру секілді сан түрлі жұмыстар агротехникалық талаптарға сай атқарылды. Еңбек пен тәжірибе өз нәтижесін берді. Жыл сайын әр гектардан жоспарлы өнім алып, ел ырысы Сыр күрішін мол өндіруге үлесін қосты. Мәселен, 1980 жылы 35 гектар күріштің әр гектарынан 69,5, 1981 жылы әр гектардан 104,6, 1982 жылы әр гектардан 97,3, 1983 жылы әр гектардан 100,3 центнерден сапалы өнім алып, абырой биігінен көрінді. Ерен еңбегімен ел сенімін ақтаған Айнаш біраз жыл №9 өндіріс бригадасын басқарып, ұйымдастырушылық қабілеті мен іскерлігінің арқасында үлкен беделге ие болды. Ол өндірістен қол үзбей жүріп Қызылордадағы Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтының су бөлімін сырттай оқып бітірді.
Еңбегіне қарай құрмет. Қажырлы еңбегінің арқасында өндіріс бригадирі А.Балғабаева КПСС мүшелігіне қабылданып, «Еңбек Қызыл ту» орденімен, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Қазақстан ЛКСМ Орталық Комитетінің Социалистік Еңбек ері Ы.Жақаев атындағы «Республиканың таңдаулы күрішшісі» ауыспалы туын екі рет жеңіп алды. Бақытын еңбектен тауып, бағы жанған Айнаш Рақымқызы 1984 жылы КСРО Жоғарғы Советінің депутаты болып сайланды. Дептутат болған кезінде ол уақыт тауып тұрғындарды қабылдады. Көп балалы аналар мен жетім-жесірлерге қолынан келгенше көмегін көрсетті. Аудан, облыс көлемінде егін, мал шаруашылығын дамытуға, әлеуметтік мәселелердің шешімін табуына атсалысты. КПСС ХХҮІ съезінің делегаты, Қазақстан Компартиясы Қызылорда облыстық Комитетінің бюро мүшесі, совхоз партия комитетінің мүшелігіне сайланып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласты.
Ұмытпасам, 1986 жылы қоңыр күздің жайма шуақ күндерінің бірінде КСРО Жоғарғы кеңесінің депутаты А.Балғабаева Кеңестер Одағының астанасы Мәскеуде өткен КПСС Орталық Комитетінің кезекті съезіне қатысып қайтты. «Москва-Алматы» бағытында жүретін Қазақстан пойызынан аудан басшылары мен аудандық газет қызметкерлері Айнашты қошеметпен күтіп алдық. Ол съезден алған әсерлерімен бөлісіп, КСРО Жоғарғы кеңесінің депутаты ретінде бағдарламалық міндеттерінің орындалу барысы жайлы айтып берді. Сұқбат соңында «Күріш егіп, дәннен тау тұрғызып, дихан болдың, съезге делегат, елге депутат – халық қалаулысы болып абыройы асқақтады. Енді сенің арманың бар ма, Айнаш?» деп сұрадым.
– Серік, сен де айтады екенсің. Армансыз адам бола ма?! - деп жауап берді қоштасып жатып. Сол кездесуден кейін көп ұзамай аудандық газетте «Арманың бар ма, Айнаш!» атты мақала жарық көрді. Бірақ неге екенін қайдам мектепте бірге оқыған сыныптас құрбымның қандай армандары бар екенін сұрамаппын.
Еңбекпен есейген ел құрметіне бөленген Айнаш еліміз егемендік алғаннан кейінгі тоқырау жылдары да атакәсіп диханшылықтан қол үзген жоқ. «Айнаш» шаруа қожалығын құрып, күріш екті. Жер Ананы күтіп, баптап тер төкті. Амал қанша, 2006 жылы 11 шілде күні ұзаққа созылған кеселдің кесірінен оның жүрегі мәңгілікке тоқтады. Адал еңбегімен ел мақтанына айналған асыл құрбымыздың қазасына қатты қайғырып, қимастықпен ақтық сапарға шығарып салдық. Міне, содан бері он бір жыл уақыт өте шығыпты-ау. Бірақ, адамның қадір-қасиеті, қоғамдағы орны, оның жасаған жасымен емес, атқарған ісімен, артында қалдырған мұрасымен өлшенеді екен. Демек, өлшеулі өмірі еңбекпен өрілген Айнаш саналы ғұмырын ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына арнап, ұрпаққа ұлағат болар артында өшпес өнеге қалдырып кетті.
С.БЕРТАЕВ.