ЖАҢА ҒИМАРАТ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
«Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды». Қоғамдық тәртіп сақшылары өз міндеттерін тиісті дәрежеде атқару үшін оларға мемлекет тарапынан жағдай жасалуы тиіс. Осы уақытқа дейін аудан орталығындағы байырғы қонақүй ғимаратын пайдаланып келген аудандық ішкі істер бөлімі заманауи жаңа ғимаратқа көшті. Кеше, ішкі істер саласының кәсіби мерекесі қарсаңында аудандық ішкі істер бөлімінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Құрылысы толығымен аяқталған жаңа нысанды облыс әкімі Қырымбек Көшербаев ауданымызға арнайы келіп ашты.
– Құрметті ішкі істер саласының қызметкерлері! Сіздерді Қазақстан полициясы күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл мерекенің қабылданғанына да он шақты жылдың жүзі болыпты. Ал, Қазақстан полициясы ел тәуелсіздігімен бірге құрылғаны белгілі. Тәуелсіздігімізді сақтау, халқымыздың тыныштығын қорғау жолында аянбай еңбек етіп жүрген салаға қолдау көрсеткен Елбасы 2007 жылы 5 маусымда 23 маусымды Полиция күні ретінде бекітіп берді. Төл мерекелеріңізде қоғамдық тәртіпті қалыптастыру, ел тыныштығын қорғау жолындағы қажырлы еңбектеріңіз үшін Сіздерге алғаусыз алғысымды білдіріп, сәттілік тілеймін. Әрдайым анттарыңызға адал болып, ел қорғаны деген атқа лайықты қызмет етіңіздер.
Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында көшелерде және адам көп жиналатын қоғамдық орындарда бейнебақылау жүргізетін, азаматтарды анықтайтын және жол қозғалысын қадағалайтын интеллектуалды жүйелерді белсенді түрде енгізу қажеттігін айтқан болатын.
Өздеріңізге белгілі, құқық бұзушылық пен қылмысқа қарсы күрес – қоғам мен ел алдындағы ең маңызды міндеттердің бірі болып саналады. Сондықтан, бұл міндеттерді өз деңгейінде атқару үшін ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базалары заманауи талаптарға сай болуы қажет деп есептеймін. Бұл ретте өңірімізде қоғамдық қауіпсіздікті сақтау бағытындағы жұмыстарға облыстық бюджеттен қомақты қаржы бөлініп, тыңғылықты шаралар атқарылып келеді.
2014-2017 жылдарда Ішкі істер департаментінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға облыстық бюджеттен 5,7 млрд. теңге бөлінді.
Осы жылдары Ішкі істер органдарына 159 бейнебақылау, 196 қызметтік автокөлік алынды және Жедел басқару орталығы күрделі жөндеуден өтіп толық жаңғыртылды. Сондай-ақ, 1,8 млрд. теңге қаржыға ішкі істер органдарының материалдық-техникалық жабдықтары нормаға сәйкес 100 пайыз қамтылды. 2017 жылы Ішкі істер департаментінің Жергілікті полиция қызметінің әкімшілік ғимаратына күрделі жөндеу жүргізіліп, учаскелік полиция инспекторлары мен кәмелетке толмағандар істері жөніндегі қызметкерлерге жаңа полиция бекеттерін ашу үшін 23 үй-жай алынды. Ішкі істер департаментіне қарасты 11 нысанның кіреберіс бекеттерінде таранға қарсы құрылғылар орнатылды. Ресей Федерациясының Самара облысының тәжірибесі назарға алынып, жаңа үлгідегі 14 стационарлық полиция бекеттері орнатылды. Осы бекеттердің республика бойынша бірінші болып Қызылорда облысында енгізілгенін мақтанышпен айтуға болады. Сондай-ақ, 2018 жылдың басынан бүгінгі күнге дейін Ішкі істер департаментінің базасын нығайтуға облыстық бюджеттен 794 млн теңге бөлінді.
Міне, өздеріңіз куә болғалы тұрсыздар, 2017 жылы облыстық бюджеттен бөлінген 929,5 млн теңге көлеміндегі қаржыға бүгін аудандық ішкі істер саласының жаңа ғимараты ашылғалы отыр. Бұл облыс бойынша заман талабына сай жабдықталған алғашқы жаңа нысандардың бірі.
«Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» деген батыр Бауыржан Момышұлының ұлағатты сөзі бар. Қоғамдық тәртіпті сақтау, халықты тәртіпке бағындыру – полиция қызметкерлерінің негізгі міндеті.
Ендеше, жаңа ғимаратта жаңаша қарқынмен нәтижелі жұмыс жасайды деп сенемін. Сіздерді алдағы кәсіби мерекелеріңіз - Қазақстан полициясы күнімен тағы да құттықтап, ел ішінің тыныштығы, қоғам қауіпсіздігі жолындағы қызметтеріңізге табыс тілеймін. Еліміз еңселі, Елбасымыз аман, тәуелсіздігіміз мәңгі болсын, - деді Қырымбек Елеуұлы.
Сондай-ақ, салтанатты шарада сөз алған аудандық ішкі істер бөлімінің ардагері Б.Ержанов аталған салаға мемлекет тарапынан ерекше қамқорлық жасалып келе жатқанын атап өтіп, аймақ басшысына аудан халқының және барша ішкі істер саласы қызметкерлерінің атынан зор алғысын жеткізді.
Аудандық ішкі істер бөлімінің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында облыстық бюджет есебінен бой көтерген жалпы ауданы 1681,70 шаршы метрді құрайтын жаңа да, зәулім ғимараттың сметалық құны - 929 млн 536 мың теңге. Айта кету керек, бұл жаңа ғимарат аймақтағы типтік жобада салынып, заман талабына сай жабдықталған санаулы нысандардың қатарында. Құрылыс жұмыстарының бас мердігері "ОРИОН" LTD" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Сонымен бірге бұл аймақта жалпы ауданы 1681,70 шаршы метрді құрайтын Қармақшы, Жалағаш, Сырдария аудандарына ортақ уақытша ұстау изоляторы орналасқан.
Қ.АХЕТОВ,
М.АХМЕТОВ (сурет).