» » ТҮЛЕКТЕРГЕ БІЛІМ ГРАНТЫ БӨЛІНЕДІ

ТҮЛЕКТЕРГЕ БІЛІМ ГРАНТЫ БӨЛІНЕДІ


Астана қаласында Қызылорда облысының әкімдігі мен Еураз ЭО Парламентаралық Ассамблеясы жанындағы университет арасында әріптестік туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті. Келісімге сәйкес университет қызылордалық мектеп бітірушілерге жыл сайын білім гранттарын бөлетін болады.
Кездесу аясында Қызылорда об­лы­­сының әкімі Қырымбек Көшербаев аймақта жоғары сұра­нысқа ие мамандықтар бойынша студенттерді оқытып, жұмыспен қамту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты.

– Ұлттық бірыңғай тестілеудің орташа балы бойынша біздің об­лыс қазір үздік 5 аймақтың қа­тарында, ал 5 жыл бұрын соңғы 16-шы орында болатын. Ресейдің жетекші техникалық уни­вер­ситеттерімен тығыз байланыс орна­тудың арқасында бүгінгі күні 452 мектеп бітіруші Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларында үз­­дік жоғары оқу орындарында білім алуда. Биыл студенттердің алғашқы легі диплом алады, олар­дың жұмысқа орналасу мәселесін алдын ала пысықтап жатырмыз, – деді аймақ басшысы.
Өз кезегінде университет рек­торы Ерлан Ысқақов ЕуразЭО Парламентаралық Ассамблеясы жанындағы университет тура­лы айтты. Осыдан 20 жыл бұ­рын құрылған университет құра­мында 3 институт, 4 факультет пен 17 кафедра бар. Негізгі маман­дықтары – «Бизнес-инфор­матика», «Юриспруденция», «Сервис», «Ту­ризм», «Экономика», «Менедж­мент», «Кеден ісі», «Жарнама және жұртшылықпен байланыс», «Конфлик­тология», «Дизайн», «Қолданбалы көркемөнер және ұлттық кәсіпшілік», «Сауда ісі», «Психология».
– Қызылорда облысы алғаш­қылардың бірі болып кадрларды дайындау саласында әріптестік ор­нату бойынша ұсынысымызға келіскеніне өте қуаныштымыз. Қазіргі таңда мамандарды даярлау мәселесінде жеке көзқарас тиімді. Биыл университетімізде қосылған жаңа бағыттардың бірі – бизнес-информатика. Бұл мамандық ая­сын­да студенттер цифрлық эко­номика дамыған заманда өзекті салалардың бірі – блокчейн мен криптовалюталарды зерттейтін болады, – деді Ерлан Ысқақов.
Сонымен қатар, университет өкілдері қызылордалық мұға­лімдер мен ғылыми қызмет­керлерді Нобель сыйлығының лауреаты Жорес Алферов бас­қаратын Еура­зиялық ғылыми форумға қаты­суға шақырды. Фо­рум жыл сайын күзде ТМД елдерінің қатысуымен өтеді.
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев пен ЕуразЭО Парламен­таралық Ассамблеясы жанындағы университет ректоры Ерлан Ысқақов қол қойған мемо­рандум аясында тараптар бір­лескен іс-шаралар мен жобаларды қолға алып, университет оқуға түсу сынақтарынан сәтті өткен қызылордалық түлектерге жыл сайын 10 грант бөлетін болады.
2014 жылдан бастап Мәскеу болат және қорытпалар инсти­туты, Санкт-Петербург өсімдік полимерлері мемлекеттік тех­но­­ло­гиялық университеті, К.А.Тимирязев атындағы Ресей мем­­ле­кеттік аграрлық универ­ситеті мен И.М.Губкин атындағы Ресей мем­лекеттік мұнай және газ университеті қызылордалық түлек­терді аймаққа қажетті ма­мандықтар бойынша оқыту үшін гранттарды бөліп келеді.
Сонымен қатар, биылдан бас­­тап қызылордалық жастар үшін «Киберқауіпсіздік» және «Мате­матикалық процестерді мо­дельдеу» мамандықтары бойынша М.В.Ломо­носов атын­дағы Мәскеу мемлекеттік уни­верситетінің магистра­турасына 20 грант бөлі­нетін болады.
Одан бөлек, сырбойылық жас­­­тарды Қазан қаласындағы «Иннополис» университетінде оқы­ту туралы келісім жасалды, Мәскеу­дегі «Сколково» инновациялық орталығымен әріптестік орнату жоспарлануда.
Сондай-ақ, жыл сайын облыс әкі­мінің гранттары есебінен ауыл­­дық жердегі аз қамтылған отбасылардан шыққан 100-ге жуық жас білім алып жатыр, қазіргі таңда грант иелерінің саны 700-ге жетті. Биыл грант саны 200-ге жеткізіліп, оның 70%-і ақпараттық технологиялар саласындағы ма­ман­­дықтарға бағытталатын бо­лады.

05 шілде 2018 ж. 809 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930