» » АРДАГЕРЛЕР АРАСЫНДА V РЕТ БАЛЫҚ АУЛАУДАН ЖАРЫС ӨТТІ

АРДАГЕРЛЕР АРАСЫНДА V РЕТ БАЛЫҚ АУЛАУДАН ЖАРЫС ӨТТІ

Астана қаласының 20 жылдығына орай Жалағаш ауданы, Шіркейлі каналының су таспасы жанындағы «Иіркөл» көлінде аудан ардагерлері арасында балық аулау жарысы өтті. 2014 жылдан бері жыл сайын ауданымызда дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан ардагерлер арасындағы балық аулау жарысын аудан әкімі Сәрсенбаев Қайратбек Әубәкірұлы ашып, құрметті демалыста жүрсе де ауданның мәдени-экономикалық, қоғамдық өміріне белсене араласып жүрген қазыналы қарттарымызға алғысын жеткізді. Жарысқа кент және ауылдық округтерден 50-ден астам ардагер қатысты. Жарыс нәтижесінде І орынды Аққұм ауылынан келген Жақанов Балтабай иеленсе, ІІ, ІІІ орынды Жалағаш кентінен және Аққыр ауылынан келген ардагерлеріміз өзара бөлісті. Жарыс соңында жеңімпаздарға қоғамдық бірлестіктің арнайы дипломдары, қаржылай сыйлықтары табысталды.

08 шілде 2018 ж. 1 222 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 919

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31