» » Қызылордада төбелескен жігіттерді ажыратпақ болған ер адам ажал құшты

Қызылордада төбелескен жігіттерді ажыратпақ болған ер адам ажал құшты

Қызылорда облысы қылмыстық істер бойынша ауданаралық сотында бейтаныс адамды өлтірген 23 жастағы жігітке қатысты үкім шықты деп хабарлайды Sputnik Қазақстанагенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

ÒÑзÑлоÑда


Оқиғаның мән-жайы былай болған: қаладағы мейрамханалардың бірінде той өтіп жатады. Бір кезде екі жас жігіт жанжалдасып қалған.

"Бір-біріне біраз сөздер айтқаннан кейін олар далаға шығады. Бірақ далада ұрыс төбелеске ұласқан", — деді соттың баспасөз хатшысы Роза Хизатова.


Осы маңда жүрген адамдар төбелесіп жатқан жігіттердің жанына келіп, біреуі оларды ажыратпақ болады.
Осы уақытта төбелесіп жатқандардың бірі ашумен оның кеудесіне пышақ сұғып алған. Ер адам сол жерде тіл тартпай кетіпті.

Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалады.

"Қызылорда облысы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты сотталушынықылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлімі (Адам өлтіру) бойынша айыпты деп танып, 11 жылға соттады. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі аса жоғары мекемесінде өтейді", — деп хабарлады Роза Хизатова.

nur.kz



27 шілде 2018 ж. 638 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 140

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930