» » Сенбіде ауа райы қандай болады

Сенбіде ауа райы қандай болады



«Қазгидромет» РМК 18 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты Қазақстан аумағында найзағаймен бірге жаңбыр жауады, екпінді жел күтіледі, солтүстікте бұршақ жаууы мүмкін.
Республиканың солтүстік-батысы мен шығысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Қазақстанның батысында, оңтүстігінде және шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында жел күшейіп, кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Қостанай облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, түнде және таңертең тұман күтіледі, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.
Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, күндіз жекелеген аудандарда жел соғады. Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Павлодар және Қарағанды облыстарында жел 15-22 м/с күшейеді. Алматы облысында қатты ыстық болады деп күтілуде. Қызылорда, Түркістан, кей жерлерде Жамбыл, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды облыстарында жоғары өрт қауіпі сақталады.

18 тамыз 2018 ж. 728 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930