» » Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

Тек республиканың батысында ғана ауа-райы жауын-шашынсыз.


Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, екпінді жел сақталады, орталық пен шығыста бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің солтүстігі мен орталығының кей жерінде тұман күтіледі. Тек республиканың батысында ғана ауа-райы жауын-шашынсыз.

Қарағанды облсының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертең тұман күтіледі.

Шығыс Қазакстан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертең тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қызылорда, Қостанай, күндіз Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Ақмола облысының кей жерінде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Ақтөбе, Атырау, Манғыстау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

zakon.kz
28 тамыз 2018 ж. 516 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 772

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930