» » Бүгін 4 облыста үсік жүреді

Бүгін 4 облыста үсік жүреді




«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, 14 қыркүйек күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың солтүстігінде фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауып, кей жерде найзағай ойнайды. Жекелеген аумақтарда жел күшейеді. Оңтүстікте оған шаңды дауыл араласады. Шығыста және оңтүстік-шығыста тұман түсуі мүмкін, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Солтүстік Қазақстан облыста күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен соққан желдің екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Павлодар облысының кей жерінде түнде, басым бөлігінде күндіз жел 15-25 м/с артады.
Ақмола, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Қостанай облыстарының, күндіз Атырау облысының кей жерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Қызылорда облысында оған шаңды дауыл араласады.
Жамбыл, Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман түседі.
Түнде Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде 1-3 градус үсік жүреді.
Ал Қарағанды облысында 1-6 градус үсік болжанады.

Baq.kz
14 қыркүйек 2018 ж. 700 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930