» » ЖАС ОТБАСЫЛАР СЫНҒА ТҮСТІ

ЖАС ОТБАСЫЛАР СЫНҒА ТҮСТІ

Қызылорда қаласындағы А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде жас отбасылар арасында «Жас отау» облыстық байқауы өтті, – деп хабарлайды облыстық “Сыр бойы” газеті. Маңызды шараны облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жас­тар ресурстық орталығы» КММ мен ҰҚК Шекара қызметі 2019 әскери бөлімі бірігіп ұйымдастырды.
Төрт кезеңнен тұратын байқауда қатысушылар тек ән-жыр айтумен шектеліп қалған жоқ. Салт-дәстүрмен сабақтасқан сұрақтарға жауап беріп, отбасы құндылықтарын дәріптейтін көріністерді көрермен назарына ұсынды.
Бір сөзбен айтқанда, ата-бабадан мирас болып қалған мәдени мұраны жеткіншектердің зердесіне сіңіре білді. Топтан дара шығып, жиналған қауымның алғысына бөленгендердің қатарынан Наурызбаевтар отбасы табылды. 2 қыз, 1 ұл тәрбиелеп отырған Арман мен Салтанаттың мұндай байқауға алғаш қатысуы екен. Олар бұл бастаманың балалар үшін берері мол екенін алға тартады. Ұйымдастырушылар да отбасы – ең қымбат қазына, өмірдің өзегі екендігін, мұндай тағылымды шараларды ұйымдастыру дәстүрге айналып келе жатқанын айтуда.

“ЖЖ” ақпарат.
22 қыркүйек 2018 ж. 599 0